Jullien Dassin

Үрлемелі музыка кеші (Ф-дан Т-ға дейін – From F to T)

2020 / 2021           Камералық зал              VІІІ маусым

18 тамыз * сәрсенбі * 19.00

 

Үрлемелі музыка кеші

(Ф-дан Т-ға дейін – From F to T)

         Камералық зал сахнасында қазақстандық музыканттар – халықаралық байқаулардың лауреаттары Ержан ҚҰШАНОВ (флейта) пен Нұрболсын ТӨЛЕУХАН (бас-тромбон) ұсынатын «Ф-дан Т-ға дейін – From F to T» атты үрлемелі музыка кеші өтеді. Классикадан бастап заманауи әуендерден тұратын сан алуан музыка үрлемелі аспап музыканттарының орындауында шырқалады.

 

Ержан ҚҰШАНОВ – Париж жоғары ұлттық музыка және би консерваториясының түлегі, Ресей, Франция, Чехия, Жапониядағы халықаралық байқаулардың лауреаты. Қазіргі уақытта Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы симфониялық оркестрінің солисі және топ концертмейстері. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының магистранты.

 

Нұрболсын ТӨЛЕУХАН – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі және магистранты, халықаралық байқаулардың лауреаты. Көрнекті музыкант, JuBand джаз оркестрінің негізін қалаушы әрі жетекшісі, Дүниежүзілік джаз қауымдастығының мүшесі (Нью Орлеан, АҚШ), М.Бисенғалиевтің жетекшілігіндегі Үндістан симфониялық оркестрімен (SOI) ынтымақтастықта жұмыс жасайды.

 

 

ОРЫНДАУШЫЛАР

Халықаралық байқаулардың лауреаттары:

Ержан ҚҰШАНОВ (флейта)

Нұрболсын ТӨЛЕУХАН (бас-тромбон)

 

Фортепиано партиясы – Ботагөз АЙҒАЛҚАЕВА, Гүлназ ҚОСАМАНОВА

 

 

БАҒДАРЛАМА

В.А.Моцарт. Флейта мен оркестрге арналған Рондо, ре мажор

Дж.Энеску. Флейта мен фортепианоға арналған Кантабиле және Престо

Ф.Пуленк. Флейта мен фортепианоға арналған соната

Э.Бозза. Бас-тромбон мен фортепианоға арналған New Orleans

А.Томази. «Болсам ба, болмасам ба?» (Гамлеттің монологы)

К.Брубек. Бас-тромбон мен оркестрге арналған концерт

 

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция орынлдаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

 

 

Құрметті көрермендер!

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының «Ashyq» пилоттық жобасына қатысуына байланысты, спектакльдерге алдын ала, ертерек келуді сұраймыз.

 

Театрға келер алдында «Ashyq» қосымшасын алдын ала өзіңіздің ұялы құрылғыңызға орнатуды сұраймыз.

Қолдану бойынша нұсқаулық:

1. Өзіңіздің ұялы құрылғыңызға «Ashyq» қосымшасын жүктеп, орнатыңыз (Iphone үшін App Store, ал Android үшін Google Play).

2. Өзіңіздің телефон нөміріңіз бен ЖСН енгізіңіз.

3. Театрға кірер кезде «КІРУ» тіркеуін таңдап, QR-кодты сканерлеу қажет (КІРУ).

4. Жүйе келушінің мәртебесін анықтайды, оны кірер кезде міндетті түрде Театр қызметкеріне көрсету қажет

 

​Мәртебелер:

Көк және Жасыл – Театрымызға кіруге шектеу жоқ

Сары – Театрымызға кіру шектелген, себебі COVID-19 таралуы бойынша байланысушы тұлға болып табылады

Қызыл – Театрымызға кіруге үзілді-кесілді шектеу қойылған, себебі өзін-өзі оқшаулауда немесе амбулаториялық емдеуде болуы тиіс.

Егер келушіде «қызыл» немесе «сары» мәртебе анықталса, ол Театрға кіргізілмейді және мәртебесі туралы скриншоттың бар болуы кезінде спектакльдің басталуына дейін сатып алған билеттерін тапсырады.

 

Бүгінгі таңда инфекция жұқтырғандардың өзін-өзі оқшаулауын бұзу деректері анықталған кезде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары мен ішкі істер органдарының лауазымды тұлғаларының іс-қимыл алгоритмі әзірленді.

 

Бұл алгоритм Ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 7 желтоқсандағы хаттамасымен бекітілген. Сонымен қатар осындай тұлғалар үшін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген.

 

5. Егер келушінің өз мәртебесін тексеруге мүмкіндігі болмаса, осы үрдісті Театр қызметкері «күзетші» режимінің көмегімен – келушінің келісімімен оның ЖСН ақпараттық жүйеге енгізу арқылы жүзеге асыра алады.

Түсіністік танытады деген сенімдеміз!

 

Үлкен залдағы спектакльдерге жас шектеуі: 10+, Камералық залдағы концерттерге: 7+

65 жастан асқан адамдардың театрға келуіне уақытша тыйым салынғаны туралы еске саламыз.

(Негіздеме: Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С.С.Бейсенованың қолы қойылған «Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралары туралы» 02.02.2021 жылғы № 5 қаулының 1.5-тармағы)

Сонымен қатар үзіліс кезінде әлеуметтік арақашықтық пен маскалы режимді сақтауды сұраймыз.