Scorpions в Алматы

Ұлыларға тағзым

Өтетін орны: Астана қ., Мәңгілік ел, 10/1, «QAZAQSTAN» ОКЗ

Күні: 31 қазан 2022 ж

Басталуы: 19: 00

Жанр: классикалық музыка кеші

Тұрақ: бар

Ұзақтығы: 

Жас шектеуі: 7+

Қосымша:

 


 

Құрметті өнерсүйер қауым! Сіздерді Республика күнін мерекелеу аясында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының ұйымдастыруымен өтетін «Ұлыларға тағзым» атты классикалық музыкалық кешіне шақырамыз.

Лирикалық мазмұнда жазылған вокалдық шығармалар мен драмалық монолог рухани мәдениеттің бір бөлігі болып саналады. Ал дарынды авторлар қаламынан туындаған классика жанрындағы сазды әуендер көрермен қауымның талғамына сай келері сөзссіз.

Концерттік бағдарламада отандық композиторлардың ән-романстары мен үздік операларынан ариялар орындалады. Аталмыш кеште классикалық үздік туындылардың либреттосын жазған М.Әуезов пен Ғ.Мүсіреповтің, талантты композиторлар Ғ.Жұбанова мен Е.Рахмадиевтің және қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі К.Байсейітова мен жезтаңдай әнші Р.Бағланова сынды ұлы тұлғалардың репертуарларынан музыкалық шығармалар көрермендер назарына ұсынылады. Сондай-ақ, музыкалық жиында мерекелік кеш иелерінің ұрпақтары мен үзеңгілес әріптестері қатысады.

Музыкалық кешке ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Азамат Жылтыркөзов, Медет Шотабаев, Бибігүл Жанұзақ, Салтанат Ахметова мен «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Азат Мәлік, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Әйгерім Алтынбек пен Мәдениет саласының үздігі Дина Мирманова қатысады.

Таңғажайып әсерге бөлейтін классикалық музыка кешінен қапы қалмаңыздар! Біз сіздерді күтеміз, құрметті көрермендер!