Scorpions в Алматы

2019 / 2020                    Камералық зал            VII маусым

«Мәңгі өшпес із қалдырған» топтамасынан

концерт

ИОГАНН СЕБАСТЬЯН БАХ

•           Өтетін орны: «Астана Опера» театрының Камералық залы

•           Күні мен уақыты: 3 наурыз 2020 ж.  /  сейсенбі  /  19:00

•           Ұзақтығы:  2 сағат

•           Жас шектеуі:  7+

•           Қосымша: залға үшінші қоңыраудан кейін кіруге, фото және бейне түсірілім жасауға, 7 жастан кіші балалармен спектакльге келуге тыйым салынады.

 

* * * * *

 

«Мәңгі өшпес із қалдырған» топтамасының концерттерінде музыкалық өнердің әйгілі өкілдері – жаңа жанрлардың негізін қалап, олардың болашақтағы дамуын айқындаған композиторлар таныстырылады.

Топтама барокко дәуірінің символы ретінде қабылданатын Антонио Вивальдидің музыкасымен ашылды. Екінші концерт барокконың тағы бір ірі өкілі – ұлы неміс композиторы, полифония шебері, түрлі жанрдағы мыңнан астам шығармалардың авторы – Иоганн Себастьян Бахтың шығармашылығына арналады.

 

Иоганн Себастьян Бах – әлем мәдениетінің ұлы тұлғасы. XVIII ғасырда өмір сүрген бесаспап музыканттың шығармашылығы жанрлық тұрғыдан ауқымды (кантаталар, ораториялар, мессалар, концерттер, сюиталар т.б.). Неміс композиторы протестанттық хорал дәстүрлерін Австрия, Италия және Франция музыкалық мектептерінің дәстүрлерімен біріктіріп, біртұтас етті. Музыкант қайтыс болғаннан кейін 200 жыл өткен соң да оның шығармашылығы мен өмірбаянына деген қызығушылық өшкен жоқ, ал қазіргі музыканттар Бахтың туындыларынан өзектілік пен тереңдік тауып, ХХІ ғасырда орындап келеді.

 

 

БАҒДАРЛАМА:

ИОГАНН СЕБАСТЬЯН БАХ (1685–1750)

Оркестр мен скрипкаға арналған №2 концерт, ми мажор, BWV 1042

Allegro

Adagio

Allegro assai

 

Оркестр мен скрипкаға арналған №1 концерт, ля минор, BWV 1041

Allegro moderato

Andante

Allegro assai

 

Оркестр мен гобойға арналған концерт, фа мажор, BWV 1053R

Allegro

Siciliano

Allegro

 

Ариозо соль мажор

 

№3 Бранденбург концерті, cоль мажор, BWV 1048

Allegro

Adagio

Allegro

 

ИОГАНН ХРИСТИАН БАХ (1735–1782)

Оркестр мен виолончельге арналған концерт, до минор, W С77

Allegro molto ma maestoso

Adagio molto espressivo

Allegro molto energico

 

КАРЛ ФИЛИПП ЭМАНУЭЛЬ БАХ (1714-1788)

Оркестр мен флейтаға арналған концерт, ре минор, 3-бөлім

Allegro di molto

 

 

 

СОЛИСТЕР:

Айсұлу БАЙКЕНОВА (скрипка)

Бағдат ӘБІЛХАНОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (скрипка)

Дәулет ШӘКІРОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (виолончель)

Курванжан АХАТОВ (виолончель)

Сәбит ДАЙЫРОВ (контрабас)

Алексей КОСЫРЕВ (флейта)

Дамиля МАХПИРОВА Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (гобой)

Әсет НЕЛДІБАЕВ (фагот)

Эльмира ЖАРМҰХАМЕДОВА (скрипка)

Балнұр ҚҰДАЙБЕРГЕН (скрипка)

Зынхар АХМЕТБЕК (скрипка)

Толқын ҚИЛЫБАЕВА (альт)

Ахмет СҰЛТАНОВ (альт)

Саид МАМЕДОВ (альт)

Балжан ҚҰДИЯРОВА (виолончель)

Нұрисламбек ЖҰМАТОВ (виолончель)

Жанар СЕЙІТХАНОВА (фортепиано)

Жамиля ДАЛИШЕВА (флейта)

Жания МҰХИТДИНОВА (гобой)

Арслан БАЙКЕТАЕВ (кларнет)

Еркебұлан БАҒДАТ (фагот)

 

«Астана Опера» камералық оркестрі

Дирижер – Абзал МҰХИТДИН, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Жүргізуші – музыкатанушы Ақерке ӘЛИ

 

 

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады