Jullien Dassin
98 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

Сәкен Сұңқар

Сәкен сұңқар/ Театр им. К. КуанышбаеваӨтетін орны: Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры (Қалибек Қуанышбаев көшесі 8/1)

Премьерасы өткен күн: 27 қыркүйек 2014 жыл

Автор: Қанат Жүнісов

Режиссер: Әлімбек Оразбеков

Қоюшы суретші: Берік Бурбаев

Киім суретшісі: Шынар Елембаева

Музыкасын құрастырушы, композитор: Қайрат Тоқымбетов

Сахна сайысын қойған: Олжас Жақыпбек

Актерлік құрам: Сырым Қашқабаев, Болат Ыбыраев, Самат Байыров, Алтынай Нөгербек, Жанат Оспанов, Жанқалдыбек Төленбаев, Боранбай Молдабаев

Жанр: драма

Ұзақтығы: 1 сағат 50 минут, антракт бар

Жас санаты: 12+

 

Режиссер Әлімбек Оразбеков сахналаған аталмыш қойылым қазақ елінің маңдайына біткен атақты ақын, жалынды жазушы, дарынды драматург, білікті ұстаз, Қазақ КСР-інің Халық Комиссарлары Кеңесінің алғашқы төрағасы болған Сәкен Сейфуллиннің ғұмыр жолынан, ғибратты өмірінен сыр шертеді.

Тағдыры тар жол тайғақ кешумен өткен алаш қайраткері халқының келешегі жарқын, нұрлы болуын армандап, азат, еркін өмір сүруі үшін күресті. Алайда, большевиктермен болған идеологиялық майданда қызу тартысқа түсіп, өзі құрған өкімет Сейфуллиннің өзін де аямады.

Музыкасын құрастырушы, композиторы – Қайрат Тоқымбетов