Scorpions в Алматы

Танц-перформанс «COVID-19»

Өтетін жері: «QAZAQSTAN» ОКЗ камералық зал

Жанр: хореографическая постановка

Жас шектеуі: 14+

 

 

 

 

 

 

«Astana Musical» мемлекеттік театры «COVID-19» би перформансының премьерасын ұсынады.

Жаңа спектакльдің атауы өзі айтып тұрғандай, басты назарда – 2020 жылдың ең танымал сөзіне айналған «COVID-19» құбылысы. Қойылымда ойдан шығарылған кейіпкерлер мен үйреншікті сахналық образдар жоқ. Туынды толығымен өміріміздің қазіргі болмысын көрсететін шынайы оқиғаларға негізделген. «COVID-19» хореографиялық спектаклі – бұл мәңгілік құндылықтар туралы пайымдаулар, адамдардың карантин кезіндегі ішкі ой-толғанысы, санамыздағы өзгерістер, көпшіліктің қисынсыз әрекеттері мен ойға қонымсыз түсініктері, соның нәтижесінде жақындарынан айырылған азаматтардың қайғы-қасіреті...  

Әлемді күрт өзгерткен COVID-19» пандемиясы бізді өзгерте алды ма?  Сақтық шаралары мен шектеулерге дейінгі өмір қайта орала ма? Осы және өзге де өзекті сауалдардың жауабын «COVID-19» атты хореографиялық спектакльден таба аласыздар.

Спектакльдің режиссер-хореографы –Анель Мурзагулова, музыкалық туындылардың авторы - Ақжол Өмірзақов