Ледовое Шоу Hogwart's Holidays от звезд Цирка дю Солей

«Тал бесіктен жер бесікке дейін»

2021 / 2022           Күләш Байсейітова атындағы Камералық зал             IХ маусым

2 қараша * сейсенбі * 19.00

 

Концерт

«Тал бесіктен – жер бесікке...»

(Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай)

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының Камералық хоры Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақстан композиторларының хорға арналған шығармаларынан, сонымен қатар халық және дәстүрлі әндерден құралған концерттік бағдарлама ұсынбақ.

2004 жылғы мамыр айында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы Камералық хорының негізі қаланды. Оның алғаш рет өнер көрсетуі сол жылдың 1 маусымында Президенттік мәдениет орталығында орын алды.

Көптеген гастрольдер, ең беделді сахналарда өнер көрсетулер, республикалық және халықаралық байқаулардағы жеңістер – ұжымның жоғары орындаушылық мәдениетінің дәлелі. Камералық хордың марапаттары қатарында «Хайнувка» XXV және XXX халықаралық діни музыка фестивалінің Бас жүлдесі (Польша), World Choir Games екі Алтын медалі, Бүкіләлемдік хор форумының Алтын кубогы (Қытай), «Астана – ән қанатында» халықаралық хор өнері фестивалі мен «Жұбанов көктемі-2012» халықаралық фестивалінің Бас жүлдесі және т.б. бар.

Хор ұжымының ауқымды репертуарына ұлттық және әлемдік классика туындылары енген.

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының Камералық хоры.

 

Көркемдік жетекші және бас дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлмира Құттыбадамова

 

Дирижер – халықаралық байқаулардың лауреаты Ержан Сансызбаев

 

Бас хормейстер – Данара Ташатова

 

Солистер:

Асылжан Қайыпов, Әйгерім Саясат, Жұбаныш Зетова, Жандос Байбосынов, Ғазиза Жүсіпбекова, Бақытгүл Әубәкірова, Индира Айтберген, Абылай Ерболат, Ержан Тоқсабанов, Қарагөз Гасимова, Арман Сапарова, Өзгерiс Шерiкбай, Данияр Мұқан

 

 

Ұзақтығы – 1 сағат 15 минут

 

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады