Jullien Dassin

Ұйқыдағы ару

Санкт-Петербург қаласының режиссері Сусанна Цирюктың қойылымындағы «ҰЙҚЫДАҒЫ АРУ» - бұл мюзикл, әсем жаңажылдық ертегі. С.Цирюк әйгілі ертегінің заманауи интерпретациясын дайындады. Оқиғаның ұшқындығы, жарқын кейіпкерлер, әсем әуен - осының барлығы «Ұйқыдағы аруда» бар. Үш жүзден астам жыл өтсе де, ертегі жаңа қойылымдарға, кейіпкерлердегі қызықты түрленулерге, жаңашыл режиссерлік өзгертулер мен оқиға желісіндегі жаңа актерлік кейіптерге шабыттандырады. Ал оқиға соңы, 300 жыл бұрыңғыдай, айрықша бақытты, жайдары, софиттер жылтырына және көрермендердің жарқыраған күлкілеріне бөленгені өмірдің керемет және теңдесіз екенін тағы бір рет дәлелдейді.