Scorpions в Алматы

Ақшақар

«Ақшақар» музыкалық ертегісінің оқиғасы сахнада жанданған үлкен Сиқырлы кітап беттерінде орын алады.

Кітап ашылды, ертегі төгілді! Алайда бұл баяғы таныс ертегі емес екен. Ертегілердің кейіпкерлері ғажайыптың күшіне сенімін жоғалтып, жақсы өмірді аңсап, орманынан қашып кетіпті. 

Аяз Ата, Леший және Жалмауыз Кемпір бұрын-соңды біз білмеген кейіптерінде көрсетілмек. Жалмапуыз Кемпір адамша отбасы шаңырағында тұруды шешіпті, Аяз Ата болса жасарып, өзімшіл зұлым сиқыршы Аяз боп кетіпті. Босап қалған мұзды орманда Леший мен Водяной ғана тұратын болыпты, оның өзінде де, өмір кешіп емес, тіршілік етіп жүріпті. Армандарында Жалмауыз Кемпір оралып, ал Аяз қайтадан жақсы болып, орманды сиқырларынан босатуы екен. Бір күні олар махаббат күшінің әсерінен жүрегі ерісін деп, Аязға жұп іздеуге адамдарға кетіпті. Армандарына қол жеткізу олардың қолынан келеді ме екен? Келеді, әрине, алайда біреудің бақытсыздығында бақытты болмассың дегендей, алдап-арбаумен қуаныш-шатыққа қол жеткізу мүмкін емес екенін аңғаратын болады. Адамша өмір сүру үшін шынайы сүйіп, ғажапқа сеніп, өзгелерден көмегіңді аямау керексің. 

Ертегінің соңында әрқайсылары өмірдің басты бақыты - өз болмысыңды сақтап, ізгі істер жасау екенін түсінеді. Ғажайыптың күші махаббат пен адалдықтың әрдайым жеңетіндігінде екенін де ұмытпауымыз керек.