rebranding

СИЛЬВА

 

2021 / 2022                 Үлкен зал                  ІХ маусым

8 қазан * жұма * 19.00

 

Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының

ГАСТРОЛІ

 

Имре Кальман

«СИЛЬВА»

2 бөлімді оперетта

Либретто авторлары – Л. Штейн, Б. Йенбах

Спектакльдің премьерасы 2005 жылғы 6 маусымда өтті

 

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:

Режиссер – Ресейдің Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Юрий АЛЕКСАНДРОВ (Ресей, Санкт-Петербор)

Дирижер, музыкалық жетекші – РФ еңбек сіңірген өнер қайраткері Сергей ФЕРУЛЕВ (Ресей, Челябинск)

Балетмейстер – Марина ЛЕПИЛИНА (Ресей, Мәскеу)

Сценография мен костюмдер Ресейдің Халық суретшісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Вячеслав ОКУНЕВ (Ресей, Санкт-Петербор)

Хормейстер«Құрмет» орденінің кавалері Татьяна ШТЫКОВА

 

ТАРИХИ АНЫҚТАМА

Венгр композиторы И.Кальманның опереттасы 1915 жылы жазылған. Премьерасы 1915 жылғы 17 қарашада Венадағы «Иоганн-Штраус театрында» өтті. «Королева чардаша» деген атаудан бөлек, неміс тілінен тікелей аударылған – «Княгиня чардаша» атауы да кездеседі. Опереттаның Ресейдегі ең бірінші қойылымы Германиямен соғыс (1916) жүріп жатқан уақытта болды, сондықтан опереттаның атауы да, кейбір кейіпкерлердің есімдері де өзгертілді. Содан бері Кеңес Одағында және Ресейде қойылымның көпшілігі «Сильва» деген атаумен сахналанып келеді. Әндердің орыс тіліндегі мәтінінің авторлары – В.С.Михайлов пен Д.Г.Толмачев.

 

ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

Будапешт. Мюзик-холлдың сахнасында және шымылдық сыртында. Гастрольге шығар алдында бұл жерде көпшіліктің сүйікті әншісі Сильва өнер көрсетеді. Оған ғашық ақсүйек офицер Эдвин одан кетпеуін өтінеді, Сильва екеуінің некелесуі мүмкін емес деп есептейді. Князь Эдвин тура сегіз аптадан кейін Сильвамен некеге отырамын деген міндеттеме жазады. Эдвин полкқа кеткен соң Сильва оның графиня Стассимен некелескенін біледі. Князь Воляпюктің Венадағы жекежайындағы бал залы. Эдвин мен Стассидің некесін жариялайтын күні Эдвиннің досы граф Бони Кончиану Сильваны Воляпюктің үйіне ақсүйек әйелі ретінде алып кіреді. Өтіріктің беті ашылады. Ғашықтар жанжалдасады. Қонақ үйдің вестибюлі. Сильва сахнадан кетпекші. Бони Стассиге деген махаббаты үшін Эдвин мен Сильваның кездесуін ұйымдастырмақшы. Қайта кездескен ғашықтар сезімдерін жасыра алмайды. Олар тағдырларын қайта қосуға бел буады.

 

Ұзақтығы – 2 сағат 20 минут