rebranding
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

Щелкунчик

2020 / 2021                    Үлкен зал            VIІІ маусым

31 желтоқсан * бейсенбі * 12.00

 

 

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН СПЕКТАКЛЬ

 

 

П. Чайковский

«ЩЕЛКУНЧИК»

2020 жылғы 31 желтоқсан күні «Астана Опера» МОБТ-да ұлы орыс композиторы П. Чайковскийдің «Щелкунчик» балеті ұсынылады (қысқартылған нұсқасы).

Қоюшы хореограф – КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты Юрий Григорович. Сценография авторы – КСРО Халық суретшісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Симон Вирсаладзе.

Дирижер – Арман Оразғалиев

 

 

Э.Т.А.Гофман ертегісінің желісі бойынша жазылған жаңажылдық «Щелкунчик пен тышқан патшасы» балеті балалар мен үлкендерге бірдей қызықты. Балаларды қызықтыратын тіріліп кететін ойыншықтар, мерекелік оттары жанған шырша, сиқыршының жұмбақ тұлғасы... Үлкендер Чайковскийдің бақытты үйлесімділікке толы данышпан музыкасын естіп қана қоймай, Юрий Григоровичтің композитор партитурасына сенім артып, сүйкімді ертегіні қол жетпес пәк бақыт туралы философиялық толғанысына куә болады. Сонымен бірге бұл жанның есеюі мен махаббатты сезіну туралы поэтикалық әңгіме. Басты кейіпкер, сонымен бірге кішкентай көрермендер де қуыршақ-Щелкунчиктің күлкілі келбетінің артында мейірімді батыр жүректің барын түсіне бастайды, ал ойыншыққа деген махаббат мен аяушылық басты кейіпкер үшін тамаша Ханзадамен кездесуге әкеледі. Бірақ, тек түсінде ғана...

 

 

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР

Мари –          Анастасия Заклинская

 

Щелкунчик-Ханзада – Олжас Тарланов

 

Дроссельмейер –      Ильдар Шакирзянов

 

 

Қойылым ұзақтығы – 50 минут