Scorpions в Алматы

«Севильдік шаштараз»

2020 / 2021                    Үлкен зал            VIІІ маусым

9 сәуір * жұма * 19:00

10 April * Saturday * 6.00 pm

Құрметті көрермендер!

 

65 жастан асқан адамдардың театрға келуіне уақытша тыйым салынғаны туралы еске саламыз.

(Негіздеме: Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С.С.Бейсенованың қолы қойылған «Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралары туралы» 02.02.2021 жылғы № 5 қаулының 1.5-тармағы)

 

Сонымен қатар үзіліс кезінде әлеуметтік арақашықтық пен маскалы режимді сақтауды сұраймыз.

 

Джоаккино Россини

«Севильдік шаштараз»

2 бөлімді комедиялық опера

Либретто авторы Чезаре Стербини

Пьер Бомаршенің аттас комедиясы бойынша

 

Қоюшы дирижер – Алан Бөрібаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Дирижер – Руслан Баймурзин

Қоюшы режиссер – Альфонсо Антониоцци

Сценография авторы – Эцио Фриджерио, Риккардо Масирони қатысуымен

Костюмдер бойынша суретші – Франка Скуарчапино

Проекциялар бойынша дизайнер – Серджио Металли

Жарық бойынша суретші – Якопо Пантани

Костюмдер бойынша суретшінің ассистенттері – Арасель Досмұратова, Анна Верде

Қоюшы режиссердің ассистенті – Еренбақ Тойкенов

 

 

Джоаккино Россинидің «Севильдік шаштаразы» – әлемнің жетекші театрлары репертуарында болуы тиіс хит опера. Әзілге толы сюжет, жарқын бейнелер, «екінші нотадан-ақ» танымал әуен операны тыңдарманға да, орындаушыларға да қалаулы туындылардың бірі етті.

Операның премьерасы 1816 жылдың 12 ақпанында Римде өтті. Бомаршенің пьесасы бойынша өзге композиторлар бірнеше опера жазып, Италияда осыншалық музыкалық оқиғаны ешкім де күткен емес. Алайда Россинидің дәл осы операсы орасан зор табысқа қол жеткізді. Көрермен қауым сазгердің үйіне беттеп, салтанатты түрде шырақты шеру ұйымдастырды. Бүгінгі таңға дейін Россинидің жауһары әлемдік репертуардағы ең жиі орындалатын опералардың қатарында қала бермек.

Аталмыш операдағы басты партияның алғашқы әрі жарқын қазақстандық орындаушыларының бірі КСРО Халық әртісі Ермек Серкебаев болды, ол Кеңес Одағы кезінде Фигаро партиясын үздік сомдаушы өнерпаз деп танылды.

 

 

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ОПЕРА СОЛИСТЕРІ, ОРКЕСТРІ, ХОРЫ ЖӘНЕ МИМАНСЫ

 

Ұзақтығы – 2 сағат 50 минут (бір үзіліспен)

 

Итальян тілінде орындалады

(қазақ және орыс тілдеріндегі синхронды аудармамен)

 

 

Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады