Scorpions в Алматы

«ПЕТЯ МЕН ҚАСҚЫР»

2019/2020            Камералық зал            VIІ маусым

9 ақпан * жексенбі * 12.00 (ағылшынша)

 

С.Прокофьевтің симфониялық ертегісі

«ПЕТЯ МЕН ҚАСҚЫР»

(ағылшын тілінде)

C.Прокофьевтің «Петя мен Қасқыр» симфониялық ертегісі – мектепке дейінгі ересек балалар мен 1-ден 5-ші сыныпқа дейінгі мектеп оқушыларына арналған музыка әлеміне жасалатын ерекше әрі танымдық саяхат. Концерт барысында балалар қызықты ойын түрінде симфониялық оркестрдің аспаптарымен танысады.

Симфониялық ертегі – бұл симфониялық оркестрге арналып жазылған музыкалық ертегі: әрбір кейіпкердің белгілі бір музыкалық аспапта орындалатын музыкалық әуені бар. C.Прокофьевтің «Петя мен Қасқыр» симфониялық ертегісі – симфониялық оркестрмен таныстыратын «жол көрсеткіш» сияқты.

 

ОРЫНДАЙТЫН:

«Астана Опера» симфониялық оркестрі.

Дирижері – Руслан БАЙМУРЗИН

Мәтін оқушы – Лира БЕКБОЛАТОВА

 

Лира Бекболатова – музыкатанушы, өнертану ғылымдарының магистрі, Қазақ ұлттық өнер университетінің түлегі, Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы қоры стипендиясының иегері.

Музыкалық журналистикаға арналған «Музыкалық сандықша» халықаралық байқауының (Ташкент, Өзбекстан) Бас жүлде иегері, «Алтын-Арт» жас композиторлар байқауының жеңімпазы (2018).

Tengrinews журналисі, Harpers Bazaar, Esquire Magazines колумнисі, мақалалары Boop.it. итальяндық баспаларында жариялаған.

Қазіргі уақытта Ла Сапиенца Рим университетінің философия және гуманитарлық ғылымдар факультетінде Scienze della Moda (Fashion Studies) мамандығы бойынша білім алуда, сондай-ақ итальяндық музыкатанушылар және «PiuPop» арт-ұйымымен бірлесіп білім беру жобасын әзірлеуде.

 

 

Ұзақтығы – 50 минут