«Вена классикасына ода»
2019/2020 Камералық зал VIІ маусым
20 ақпан * бейсенбі * 19.00
Вокалдық-аспаптық музыка концерті
«Вена классикасына ода»
(Л.Бетховеннің 250 жылдығына орай)
2020 жылы әлемдік музыка қауымдастығы ұлы Людвиг ван Бетховеннің 250 жылдығын атап өтеді.
«Вена классикасына ода» вокалдық-аспаптық музыка концертінде Вена консерваториясының түлектері – Айгүл Шәмшіденова (сопрано) мен Елизавета Сергееваның (меццо-сопрано), сондай-ақ контртенор Батыржан Смақовтың орындауында Вена мектебі композиторларының шығармалары шырқалады. Олармен бірге аспапшы музыканттар өнер көрсетеді.
Бағдарламада веналық классиктер – Йозеф Гайдн, Вольфганг Амадей Моцарт, Людвиг ван Бетховен, Франц Шуберт; неміс романтиктері – Роберт Шуман, Феликс Мендельсон-Бартольди және тағы басқа композиторлардың шығармалары орындалады.
ОРЫНДАУШЫЛАР:
Айгүл ШӘМШІДЕНОВА (сопрано, Вена, Австрия)
Елизавета СЕРГЕЕВА (меццо-сопрано, Вена, Австрия)
Батыржан СМАҚОВ (контртенор)
Мақпал БЕКМАҒАМБЕТОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (скрипка)
Мәдина КАПЕУ (скрипка)
Асқар МҰҚАНОВ (виолончель)
Фортепиано партиясында – Раушан БЕСКЕМБИРОВА
Ұзындығы – 1 сағат 30 минут
Дирекция орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады