rebranding

'O Paese d' 'o sole

2020/2021           Камералық зал           VIІІ маусым

19 қараша * бейсенбі * 19.00

 

 

Концерт

'O Paese d' 'o sole

(«Шуақты мекен»)

Солист – Медет Чотабаев

 

Керемет тенор, «Астана Опера» театрының жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Медет ЧОТАБАЕВ неаполитан әндерінен концерттік бағдарлама ұсынады. Шуақты мекен деп аударылатын «'O Paese d' 'o sole» атауы тыңдарман назарын Итальяның оңтүстігіне бұрып, көңілдерге күннің нұрын, теңіз бен құстардың әуенін елестетеді. Осындай ғажап күйді тамаша әнші даусымен жеткізеді.

Бағдарламада Дж.Россини, Э. ди Капуа, Р.Фальво, Э. де Куртис, Ч.Биксио, Ф.П.Тости, Г.Лам, Э.Каннионың неаполитан әндері шырқалады.

 

Медет Чотабаев Қазақстан мен Италияда вокалдан тәлім алған. Халықаралық байқаулардың лауреаты, оның ішінде ең үздік вокалдық жарыстардың біріндегі жарқын жеңісі – Глинка атындағы XXIII халықаралық байқаудағы (Мәскеу, 2009) бірінші жүлдесі және «Үздік тенор» арнайы сыйлығы бар.

Медет Чотабаев жасаған сахналық бейнелер нәзік сыршылдығы, сезімдердің шынайылығы, ерекше жылулығы және вокалдық партияны кәсіпқойлықпен жеткізуімен өзгешеленеді. Оның репертуарында Неморино («Махаббат шырыны», Г.Доницетти), Рудольф («Богема», Дж.Пуччини), Пинкертон («Мадам Баттерфляй», Дж.Пуччини), Ленский («Евгений Онегин», П.Чайковский), Альфред («Травиата», Дж.Верди), Төлеген («Қыз Жібек», Е.Брусиловский) т.б. партиялар бар.

Медет Чотабаев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының лауреаты (2018), «Қазақстанның жаңа 100 есімі» ұлттық жобасының жеңімпазы (2018), Италия жұлдызы орденінің кавалері (2018).

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Медет ЧОТАБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (тенор)

Бағдат ӘБІЛХАНОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (скрипка)

 

«Астана Опера» театрының балалар хоры. Жетекшісі – Алтынғаным АХМЕТОВА

 

Фортепиано партиясында – Елена САХНО, Мәдениет қайраткері

 

Ұзақтығы – 1 сағат 15 минут

 

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады