rebranding

Next generation

Құрметті көрермендер!

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының «Ashyq» пилоттық жобасына қатысуына байланысты, спектакльдерге алдын ала, ертерек келуді сұраймыз.

 

Театрға келер алдында «Ashyq» қосымшасын алдын ала өзіңіздің ұялы құрылғыңызға орнатуды сұраймыз.

Қолдану бойынша нұсқаулық:

1. Өзіңіздің ұялы құрылғыңызға «Ashyq» қосымшасын жүктеп, орнатыңыз (Iphone үшін App Store, ал Android үшін Google Play).

2. Өзіңіздің телефон нөміріңіз бен ЖСН енгізіңіз.

3. Театрға кірер кезде «КІРУ» тіркеуін таңдап, QR-кодты сканерлеу қажет (КІРУ).

4. Жүйе келушінің мәртебесін анықтайды, оны кірер кезде міндетті түрде Театр қызметкеріне көрсету қажет

​Мәртебелер:

Көк және Жасыл – Театрымызға кіруге шектеу жоқ

Сары – Театрымызға кіру шектелген, себебі COVID-19 таралуы бойынша байланысушы тұлға болып табылады

Қызыл – Театрымызға кіруге үзілді-кесілді шектеу қойылған, себебі өзін-өзі оқшаулауда немесе амбулаториялық емдеуде болуы тиіс.

Егер келушіде «қызыл» немесе «сары» мәртебе анықталса, ол Театрға кіргізілмейді және мәртебесі туралы скриншоттың бар болуы кезінде спектакльдің басталуына дейін сатып алған билеттерін тапсырады.

 

Бүгінгі таңда инфекция жұқтырғандардың өзін-өзі оқшаулауын бұзу деректері анықталған кезде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары мен ішкі істер органдарының лауазымды тұлғаларының іс-қимыл алгоритмі әзірленді.

 

Бұл алгоритм Ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 7 желтоқсандағы хаттамасымен бекітілген. Сонымен қатар осындай тұлғалар үшін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген.

 

5. Егер келушінің өз мәртебесін тексеруге мүмкіндігі болмаса, осы үрдісті Театр қызметкері «күзетші» режимінің көмегімен – келушінің келісімімен оның ЖСН ақпараттық жүйеге енгізу арқылы жүзеге асыра алады.

Түсіністік танытады деген сенімдеміз!

 

Үлкен залдағы спектакльдерге жас шектеуі: 10+, Камералық залдағы концерттерге: 7+

65 жастан асқан адамдардың театрға келуіне уақытша тыйым салынғаны туралы еске саламыз.

(Негіздеме: Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С.С.Бейсенованың қолы қойылған «Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралары туралы» 02.02.2021 жылғы № 5 қаулының 1.5-тармағы)

Сонымен қатар үзіліс кезінде әлеуметтік арақашықтық пен маскалы режимді сақтауды сұраймыз.

 

2020 / 2021                Камералық зал                   VIII маусым

27 мамыр * бейсенбі * 19.00

 

Концерт

Next generation

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филормониясының Камералық хоры Еуропа мен Азия ұлттық мектептері композиторларының хорға арналған туындыларынан жарқын концерттік бағдарлама ұсынады.

 

БАҒДАРЛАМА:

Құрманғазы. «Балбырауын». Хорға арнап өңдеген – Абылай Ерболат

Ә.Бестібаев. «Дауыс»

Түрік халық әні Ayvanin irisine. Хорға арнап өңдеген – Эрдал Тугджулар

Әзірбайжан халық әні Daglarda cicәk. Хорға арнап өңдеген – Вагиф Мастанов

Түріктің рухани музыкасы Anadolu Ilahileri. Хорға арнап өңдеген – Мұрат Ақсай

В.Мишкинис. Dum medium silentium

Әзірбайжан халық әні Ne Baxirsen. Хорға арнап өңдеген – Аида Хусейин

Г.Хан. Rondo lapponico

Э.Раберг. The Tyger

Ш. Доэрти. Blessed be that Maid Marie

М. Камарго. Las olas de la Mar.  Хорға арнап өңдеген – Хуан Мануэль Хернандез-Моралес

Б.Бриттен. Ballad of Green Broom

К.Грэйс. FIESTA

Г.К.Волц. Two Japanese Proverbs

Т.Вулч. Cantate Domino

Я.Шафраньски. I dream a dream

В.Паранджьоти. Dravidian Dithyramb

Дәстүрлі араб әні Lamma Badaa Yatathannaa. Хорға арнап өңдеген – Ширин Абу-Хадер

М.Сан. Entarisi ala benziyor

А.де Оливейра. Tico-tico no fuba. Хорға арнап өңдеген – Мауриссио Маэстро

Ә.Әбдінұров. «АйнаLine»

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Солистер – Ғазиза ЖҮСІПБЕКОВА, Асылжан ҚАЙЫПОВ, Әйгерім САЯСАТ, Индира АЙТБЕРГЕН, Жұбаныш ЗЕТОВА

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филормониясының Камералық хоры

 

Хормейстер – Данара ТАШАТОВА

Концертмейстер – Гүлден БАЗЫКЕН

Дирижер – Ержан САНСЫЗБАЕВ

 

Көркемдік жетекшісі әрі дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлмира ҚҰТТЫБАДАМОВА

 

Ұзақтығы – 1 сағат 20 минут

 

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады