rebranding

2019/2020           Камералық зал           VIІ маусым

Концерт

«Шуақты музыка»

•           Өтетін орны: «Астана Опера» театрының Камералық залы

•           Күні мен уақыты: 19 наурыз 2020 ж.  /  сәрсенбі  /  19:00

•           Ұзақтығы:  1 сағат 30 минут

•           Жас шектеуі:  7+

•           Қосымша: залға үшінші қоңыраудан кейін кіруге, фото және бейне түсірілім жасауға, 7 жастан кіші балалармен спектакльге келуге тыйым салынады.

 

* * * * *

 

«Шуақты музыка» концерті әйгілі Жұбановтар әулетін шыққан қазақстандық музыканттардың мұрасына арналған.

Ұлттық кәсіби музыканың негізін қалаушы, музыкатанушы, Қазақ КСР Халық әртісі Ахмет ЖҰБАНОВ; камералық әрі симфониялық шығармалар мен халық аспаптары оркестріне арналған туындылардың, театр спектакльдері мен кинофильмдерге музыка авторы – ХХ ғасырдың атақты композиторы, қоғам қайраткері, профессор КСРО Халық әртісі Ғазиза ЖҰБАНОВА; полимузыкант Әліби МӘМБЕТОВ және заманауи жас композитор, музыкалық әулеттің жолын жалғастырушы Карина ИЗМАИЛОВА: осы кеште олардың туындыларын танымал қазақстандық музыканттар мен «Астана Опера» театрының оркестр әртістері, сонымен қатар Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері профессор Дина Әзірбайжанқызы Мәмбетовадан білім алған дарынды шәкірттер орындайды.

 

 

БАҒДАРЛАМА:

Ахмет ЖҰБАНОВ

Скрипка мен фортепианоға арналған «Ария»

«Абай» операсынан Абайдың ариясы

«Абай» операсынан Ажардың ариясы

№1 тәжік биі, Ә.Мәмбетовтың скрипка мен фортепианоға өңдеуі

№5 тәжік биі, Ә.Мәмбетовтың флейта мен фортепианоға өңдеуі

«Би күйі»

 

Ғазиза ЖҰБАНОВА

Олжас Сүлейменовтың өлеңдеріне үш романс:

«Чёрный беркут»

«Из травы я взлетела...»

«Чёрный жаворонок»

«Жыр жазамын жүрегіммен» романсы

Виолончель мен фортепианоға арналған «Мерекелік күй»

«Токката» (№1 фортепианоға арналған сонатаның финалы)

 

Әліби МӘМБЕТОВ

«Атама» күйі

Флейта мен фортепианоға арналған төрт миниатюра

Труба мен фортепианоға арналған Die Melodie fur Rose

Скрипка мен виолончельге арналған The spirituous fire

Скрипка, виолончель және фортепианоға арналған төрт бөлімді «Элегия» триосы (ата-ана құрметіне)

 

Карина ИЗМАИЛОВА

Ахмет Жұбановтың «Қарлығаш» тақырыбына фантазия

Скрипка мен фортепианоға арналған «Аллегро»

«К свету». Флейта мен фортепианоға арналған пьеса. Әліби Мәмбетовке арнау

 

Қаршыға АХМЕДЬЯРОВ

«Ғазиза» күйі

 

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

халықаралық байқаулардың лауреаттары:

Камилла Мәмбетова (фортепиано)

Карина Измаилова (фортепиано)

Салтанат Ахметова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (сопрано)

Айгүл Ниязова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (сопрано)

Азамат Жылтыркөзов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (баритон)

Мақпал Бекмағамбетова, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (скрипка)

Орынбай Дүйсен, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (домбыра)

Шахимардан Әбілов, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (баритон)

Асқар Мұқанов, Мәдениет саласының үздігі (виолончель)

Аида Әбдіқадырова (флейта)

Дана Әбдіқадырова (фортепиано)

Думан Орынғалиұлы (труба)

Айгүл Қалкенова (фортепиано)

Әйгерім Дәуітбаева (флейта)

Алена Цылева (фортепиано)

 

 

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады