Scorpions в Алматы

2019/2020            Камералық зал            VIІ маусым

«Людвиг ван Бетховеннің барлық сонаталары» топтамасы

Концерт

«Махаббат монологтары»

(ұлы неміс композиторының 250 жылдығына)

 

•           Өтетін орны: «Астана Опера» театрының Камералық залы

•           Күні мен уақыты: 26 наурыз 2020 ж.  /  бейсенбі  /  19:00

•           Ұзақтығы:  1 сағат 30 минут

•           Жас шектеуі:  7+

•           Қосымша: залға үшінші қоңыраудан кейін кіруге, фото және бейне түсірілім жасауға, 7 жастан кіші балалармен спектакльге келуге тыйым салынады.

 

* * * * *

 

«Астана Опера» оркестрінің бірінші скрипкасы – Қазақстаның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов Л.Бетховеннің 250 жылдығына арналған концерттер топтамасын ашады. Ол неміс композиторының скрипка мен фортепианоға арналған барлық 10 сонатасын орындайды. Фортепиано партиясында – халықаралық байқаулардың лауреаты Салтанат Әбілханова.

Бетховеннің музыкасы – бұл қаһармандық бейнелер, симфонизм, ауқымдылық, драма дегенге үйренгенбіз... Алайда оның камералық шығармаларда көрініс тапқан басқа да қыры бар.

Бетховеннің скрипкаға арналған он сонатасында оның сүйікті  қос аспабы – скрипка мен фортепиано сәтті үйлесім тапқан. Сонаталарының басым бөлігі шығармашылығының бастапқы кезеңінде жазылған. Оларды автордың ризашылығы мен үмітінің жинағы деп атауға болады: композитор оларды өзінің ұстазы Антонио Сальери мен мәртебелі қамқоршыларына арнайды. Бұл ретте XVIII ғасырдағы сыпайылық сарыны жаңа музыкалық ойлармен үндесіп, кейін Бетховен оларды фортепианолық сонаталары мен симфонияларында жүзеге асырған.

 

 

БАҒДАРЛАМА:

ЛЮДВИГ ВАН БЕТХОВЕН

Скрипка мен фортепианоға арналған №1 соната, ре мажор, op.12/1

Антонио Сальериге арналған

Allegro con brio

Tema con Variazioni. Andante con moto

Rondo. Allegro

 

Скрипка мен фортепианоға арналған №3 соната, ми-бемоль мажор, ор.12/3

Антонио Сальериге арналған

Allegro con spirit

Adagio con molt` espressione

Rondo. Allegro molto

 

Скрипка мен фортепианоға арналған №5 соната, фа мажор, «Көктемгі», ор.24

Граф Мориц фон Фриске арналған

Allegro

Adagio molto espressivo

Scherzo. Allegro molto

Rondo. Allegro ma non troppo

 

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Бағдат ӘБІЛХАНОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (скрипка)

Салтанат ӘБІЛХАНОВА (фортепиано)

 

 

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады