Scorpions в Алматы

«Виолончель үн қатқан мамыр кеші»

2018 / 2019                   Камералық зал             VІ маусым

25 мамыр * сенбі * 18.00

Концерт

«Виолончель үн қатқан мамыр кеші»

2019 жылғы 25 мамырда Театрдың Камералық залында виолончельге арналған музыка кеші өтеді. Концертке қазақстандық виолончельші, халықаралық байқаулардың лауреаты Сәния Дүркеева, Цюрих өнер университетінің профессоры Орфео Мандоцци (Швейцария) және «Астана Опера» театрының Камералық оркестрі қатысады. Дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов.

 

Сәния Дүркеева – П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының түлегі (профессор, Ресейдің Халық әртісі И.Гаврыштың сыныбы). Оқып жүрген жылдары Уфа қаласында Загир Исмагилов атындағы Тұңғыш халықаралық орындаушы-музыканттар байқауының (Ресей, 2008), Саратов қаласында Святослав Кнушевицкий атындағы Тұңғыш халықаралық виолончельшілер байқауының (Ресей, 2012) лауреаты атанды.

Қазіргі уақытта Цюрих өнер мектебін тамамдап жатыр, профессор Орфео Мандоцци (виолончель) сыныбында перформанс-шеберлік сабағын алуда және профессор Марк Киссоччи сыныбында «Дирижерлеу» мамандығы бойынша шеберлігін ұштауда.

2017-2018 жж. Берн симфониялық оркестрінде тағылымдамадан өткен.

2017 жылдан бастап Цюрихте И.Менухин негізін қалаған «Live music now» қорының шәкіртақысын алушы.

Бернард Хайтинк, Ральф Вайкерт, Марио Венцаго, Ваг Папян, Йохем Хоштенбах, Кевин Джон Едюсей, Ханс Кристоф Бюргер, Ван Эрнст Тиель, Кристиан Шуман, Павел Герштейн тәрізді аты мәшһүр дирижерлердің жетекшілігіндегі оркестрлер құрамында өнер көрсеткен.

Шетелдегі алғашқы жеке концерті 2013 жылы австриялық Цель-ам-Зее қаласында өтті. Жеке орындаушы-музыкант ретінде ғана емес, түрлі камералық құрамдарда да Австрия, Франция, Швейцария, АҚШ, Ресей, Қазақстан залдарында өнер көрсетеді.

 

Орфео Мандоцци – швейцариялық виолончельші. Өзін тұңғыш рет «Евровидение» жас музыканттар байқауында танытты. Ұлттық байқаулардың, сонымен қатар И.Брамс атындағы (Перчах, Австрия) және UFAM байқауының (Париж, Франция) лауреаты.

Солист ретінде белсенді түрде өнер көрсетеді және Николай Цнайдер, Юлиан Рахлин, Юрий Башмет сияқты танымал музыканттармен шығармашылық тұрғыда араласады. Әйгілі дирижерлер – Фабио Луизи, Кристьян Ярви және Михаил Юровскиймен ынтымақтастықта жұмыс жасайды. Оның орындаушылық өнерін музыка білгірлері жоғары бағалайды: «...көңіліңді арбап әкететіні соншалық, жаныңды еліктіреді».

Орфео Борис Кушнер (скрипка) және Ясминка Станкулмен (фортепиано) бірге Vienna Brahms trio камералық ансамблінің қатысушысы.

Орфео солист ретінде Фабио Луизи, Критиан Ярви, Герхард Марксон, Эндрю Литтон, Герман Бройер, Альфред Эше, Ола Руднер, Йесус Амиго, Джианкарло Андретта, Филип Браль, Томаз Бричетти, Марио Венцаго, Михаил Юровский, Денис Фидели, Кристиан Колоновиц, Петр Койшниг, Георг Марк, Гуннар Матт, Андре Орощщо-Эстрада, Арид Реммерайт, Каролос Триколидис, Кииз Бейклз, Саймон Блех, Филлип Энтремо және тағы басқа көптеген дирижерлермен әріптестікте жұмыс жасайды.

Күллі Еуропа, АҚШ, Оңтүстік және Орталық Америка, Орта Шығыс елдерінде гастрольдік сапармен өнер көрсетеді.

Оның радио-телевизиялық және СD-күйтабақтардағы жазбаларына танымал халықаралық сыйлықтар берілген. Й.Фиалдың виолончельдік концертінің әлемдік премьерасындағы оның жазбасы 4000 данадағы таралыммен таратылған.

Солист ретінде, сонымен қатар әртүрлі камералық ансамбльдердің құрамында Карнеги-холл (Нью-Йорк), Вигмор-холл (Лондон), Музикферайн (Вена), Веналық Концертхауз, Кельн филармониясының концерт залы, Казальс-холл (Токио), Аудиторио Насиональ (Мадрид), «Колон» театры (Буэнос-Айрес), Алис Талли-холл (Линкольн-центр, Нью-Йорк) және Тон-халле (Цюрих) сынды беделді залдарда өнер көрсеткен.

1675 жылы музыкалық аспап шебері Франческо Руджерри Кремонда дайындаған аспапта ойнайды. 1999 жылдан бастап Цюрих Жоғарғы өнер мектебінде және Имола қаласындағы Халықаралық пианино академиясында (Италия) сабақ береді. ҚХР Тиянджинь қаласының шақырылған профессоры болып табылады.

 

БАҒДАРЛАМА:

1-бөлім:

П.Чайковский.Виоленчельге арналған рококо тақырыбындағы варияциялар, ля мажор, op.33

А.Глазунов. Виолончель мен оркестрге арналған «Менестрель әні», op.71

А.Дворжак. «Богемалық орманнан» топтамасы. №5 «Орман тыныштығы»

Солист: Сәния Дүркеева (виолончель)

 

2-бөлім:

Ю.Кленгель. Екі виолончель мен оркестрге арналған концерт, ми минор, ор.45

Б.Ромберг. Екі виолончель мен оркестрге арналған концертино, ля мажор, ор.72

Солистер: Орфео Мандоцци (Швейцария, виолончель), Сәния Дүркеева (виолончель)

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады