Jullien Dassin

Майда қоңыр

«МАЙДА ҚОҢЫР»Өтетін орны: Астана қ.,«Мемлекеттік академиялық филармония» МКҚК. Е. Рахмадиева.

Күні мен уақыты:18 ақпан, 2023 жыл 17: 00

Жанр: ұлттық өнер

Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут

Жас шектеуі: 7+

Қосымша:

 

 

 


Әйгілі ақын, әнші, сазгер Ақан сері Қорамсаұлы «Ақтоқты», «Алтыбасар», «Мақпал»,

«Балқадиша» сынды көптеген әндерімен көңілді балқытып, құдіретті өнермен сұлулықты

жырлап, қазақ қыздарының образдық галереясын жасаған ірі тұлға.

Ол шынайы махаббаттысазбен суреттеп, туған елге, жерге деген сүйіспеншілігін өнермен өрнектеген өнерпаз.

Қазақ даласын әсем әнмен тербеткен Ақан серінің туғанына биыл 180 жыл. Бұл қазақ мәдениеті кеңістігіндегі айтулы оқиғалардың бірі.

Кеш аясында Ақан серінің «Ақтотының аужары», «Алтыбасар», «Сырымбет», «Маңмаңгер», «Құлагер», «Қараторғай», «Балқадиша», «Шырмауық», «Әудем жер» сынды т.б. әуезді әндері орындалады. Концертке, Қазақстанның Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Қосанова, Гүлмира Сарина, Мәдениет қайраткері Секен Сыздық, Мәдениет саласының үздіктері Нұрай Танабаев, Телман Нүркенов, Арафат Ысқақов, Берік Омаров, Данияр Мұқан, Халықаралық және

Республикалық байқаулардың лауреаттары Жақсыкелді Маясаров, Сәулежан Тағзия, Әйгерім Нартүйе, Өзгеріс Шерікбай, Жандос Иманбай, Зинат Қасымова, Алуа Қалымбекова, Елбол Қуанбек, Нұржан Мейірхан және

«Сарыарқа» фольклорлық ансамблі мен «Камералық хор» қатысады.

Халық әні бөлімінің көркемдік жетекшісі – Мәдениет саласының үздігі Телман

Нүркенов. Ұлт жауқарына айналған жақұт әндер шырқалатын рухани кеште, талғамы биік,

танымы мол көрермендер мен қолдаушыларды асыға күтеміз.