rebranding

«Махаббаттың нәзік үні»

2021 / 2022                   Күләш Байсейітова атындағы Камералық зал           ІХ маусым

24 қазан * жексенбі * 18.00

 

Орыс романсының кеші

«Махаббаттың нәзік үні»

Романс… Ол әсемдік пен тәтті мұңға толы. Онымен қауышу әрдайым жанға жайлылық пен құштарлық сыйлайды. Ұлы композиторлар қаншама ғажап романстар жазып қалдырды! Олар бүгінгі күні де XIX-XX ғасырдағыдай бәріміздің жанымызға жақын әрі ұғынықты.

К.Байсейітова атындағы Камералық залда өтетін «Махаббаттың нәзік үні» атты орыс романсының кеші А.Пушкин, М.Лермонтов, В.Жуковский, А.Дельвиг, А.Фет, А.Плещеев сынды 40-тан астам ақынның мәтіндеріне жазылған танымал романстар мен әндердің авторы, орыс композиторы Александр Варламовтың 220 жылдық мерейтойына арналады.

 

Композитордың әйгілі «Красный сарафан», «Вдоль по улице метелица метёт», «На заре ты её не буди», «Соловьём залётным», «Ты не пой, соловей», «Горные вершины», «Белеет парус одинокий» романстары, сонымен бірге орыс композиторларының басқа да романстары мен аспаптық жауһарлары «Астана Опера» театры опера солистері мен оркестр әртістерінің орындауында шырқалады.

Орыс ақындарының рухты өлеңдері кештің поэтикалық көңіл күйін одан әрі түрлендіре түспек.

 

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Азамат ЖЫЛТЫРКӨЗОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (баритон)

Мейір БАЙНЕШ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (тенор)

Татьяна ВИЦИНСКАЯ (меццо-сопрано)

Елена ГАНЖА (сопрано)

Батыржан СМАҚОВ (контртенор)

Айнұр ҚАМАЛОВА (арфа)

Курванжан АХАТОВ (виолончель)

Раушан БЕСКЕМБИРОВА (фортепиано)

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады