rebranding

2020 / 2021                    Камералық зал            VIІІ маусым

1 қараша * жексенбі * 18.00

 

 

L`ESPRIT DU VENT

«Желдің демі»

Камералық музыка кешінің бағдарламасында француз және қазақстандық композиторлардың гобой, фагот және фортепианоға арналған шығармаларын аспаптық трио Дамиля МАХПИРОВА, Әсет НЕЛДІБАЕВ, Гүлжанат ЖАНАТАЕВАНЫҢ орындауында тыңдай аласыздар.

Концерттің «Желдің демі» деп аталуы кездейсоқтық емес: ерекше әсемдігімен және жеңілдігімен дараланатын француз музыкасы фортепиано мен ағаш үрлемелі аспаптарда орындалып, шеберлігі асқан музыканттардың тынысынан күш алғандай. Олардың тыңдарман назарына ұсынып отырған шығармалары кәсіби шеберлікті талап етеді және үздік аспапшылардың академиялық репертуарына енген.

Француз музыкасына өткеннен бүгінге шолу жасалып, көнеден (Т.Лалье) ХХ ғасырдың классикасына (Ф.Пуленк, Ж.Франсе) дейін ұсынылады. Концерт бағдарламасына камералық ансамбльдерге үлкен шығармашылық қызығушылық білдіріп жүрген қазақстандық композиторлар Гүлжан Өзенбаева мен Әліби Әбдінұровтың шығармалары енгізілген.

Камералық залда заманауи музыкалық салон атмосферасы орнап, шарықтаған шалқар шабыт лебі осы кештің барлық қонақтарын шарпып өтетініне сенімдіміз.

 

Дамиля Махпирова – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» театры симфониялық оркестрінің гобой тобының концертмейстері.

Оның концерттік репертуарында И.С.Бах, Г.Ф.Телеман, И.Кванц, М.Равельдің, сондай-ақ заманауи композиторлар – А.Шнитке, С.Әбдінұровтың және тағы басқалардың камералық музыка шығармалары бар. Дамиля Махпирова республикамыздың көптеген шығармашылық ұжымдарында еңбек етіп жүрген жас гобойшылардың үлкен тобын тәрбиелеп шығарды. Ол Қазақстанның аспаптық өнерін дамытуға қомақты үлес қосып келеді.

 

Әсет Нелдібаев – Мәдениет қайраткері, «Астана Опера» театры симфониялық оркестрінде фагот тобының концертмейстері. Оның репертуарында барлық музыкалық бағыттардың шығармалары бар. Ол жеке, сондай-ақ ансамбль құрамымен де өнер көрсетеді. «КВИКОНТЕ» аспапты квинтетінің көшбасшыларының бірі болып табылады. Әсет Нелдібаев – талантты ұстаз, оның студенттері республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары болып жүр.

 

Гүлжанат Жанатаева – Қазақ ұлттық өнер университетінің камералық ансамбль және квартет кафедрасының меңгерушісі. Концертмейстер ретінде көптеген халықаралық және республикалық байқаулардың қатысушысы болып табылады.

Қазақстан Республикасының жетекші солистерімен және ұжымдарымен, сондай-ақ Ресейдің және алыс шетелдің танымал музыканттарымен өнер көрсете жүріп, белсенді концерттік қызмет етуде. Камералық құрамда, сондай-ақ жеке бағдарламамен концерттерде концертмейстер ретінде өнер көрсету оған ғажап ансамбль мүшесі әрі сезімтал музыкант беделін әперді.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің грамоталары және медальдарымен марапатталған.

 

 

БАҒДАРЛАМА:

Т.Лалье. Гобой, фагот және фортепианоға арналған терцет, op. 22

Ф.Пуленк. Фортепиано, гобой және фаготқа арналған трио, FP 43

Ж.Франсе. Гобой, фагот және фортепианоға арналған трио

Г.Өзенбаева. «Шутка»

Ә.Әбдінұров. «Аққу домбыра»

 

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Дамиля МАХПИРОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (гобой)

Әсет НЕЛДІБАЕВ, Мәдениет қайраткері (фагот)

Гүлжанат ЖАНАТАЕВА (фортепиано)

 

 

Ұзақтығы – 1 сағат 15 минут

 

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады