rebranding

La regata Veneziana

2018 / 2019 Камералық зал VІ маусым

21 сәуір * жексенбі * 18.00

Концерт

La regata Veneziana

(«Венециялық регата»)

21 сәуір күні Камералық залда өтетін La regata Veneziana («Венециялық регата») концертінде «Қазақстанның 100 жаңа есімі» ұлттық жобасының жеңімпаздары атанған жас қазақстандық музыканттар – Батыржан Смақов (контртенор) пен Саида Қалықова (фортепиано) өнер көрсетеді.

Жастар жылында қазақстандық өнерді шетелде белсенді насихаттап жүрген шығармашыл жандардың жаңа есімдерін таныстырамыз.

Жас орындаушылармен бірге «Астана Опера» театрының солисі – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты Татьяна Вицинская (меццо-сопрано), Вена филармониясының солисі Айгүл Шамшиденова (сопрано), Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мақпал Бекмағамбетова мен халықаралық байқаулардың лауреаттары – Мәдина Капеу (скрипка) және Асқар Мұқанов (виолончель) өнерлерін ортаға салмақ. Фортепиано партиясында – Раушан Бескемпірова.

Концерт бағдарламасында ХVI-ХIХ ғасырдағы итальяндық композиторлардың шығармалары шырқалады.

БАҒДАРЛАМА:

Дж.Валентини. «Менуэт»

Т.Витали. «Чакона»

А.Вивальди. «Махаббат кантатасынан» екі ария

А.Вивальди. «Қаһарлы Роланд» операсынан «Sol da te mio dolce amore» ариясы

А.Вивальди. «Nisi Dominus» кантатасынан екі ария (№№1,9)

Г.Ф.Гендель. «Ринальдо» операсынан Ринальдоның «Cara sposa» ариясы

Г.Ф.Гендель. «Партенопа» операсынан Арсаченің «Furibondo spira il vento» ариясы

Н.Порпора. «Полифем» операсынан Акидтің «Alto Giove» ариясы

К.В.Глюк. «Орфей мен Эвридика» операсынан «Мелодия»

К.В.Глюк. «Орфей мен Эвридика» операсынан Орфейдің «Che faro senza Euridice» ариясы

Л.Боккерини. Виолончельге арналған соната, A-dur, 1-2 бөлімдер

Ф.Паер. «Махаббат серенадасы»

О.Респиги. «Ноктюрн»

Дж.Россини. «Венециялық регата» (La Regata Veneziana) вокалдық топтамасы

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады