Scorpions в Алматы

Күзгі сезім

Өтетін орыны: Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры театры (Қ.Қуанышбаев көшесі, 8/1)

Өтетін күні: 1, 2 қазан 2022 жылы

Өтетін уақыты: 18:00

Бас дирижер: Маралжан Мырзақұлова

Жанр: концерт

Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут

Театрдың көркемдік жетекшісі: Қуандық Қыстықбай

Турақ: 

Жас санаты: 12+

Қосымша:

 

 

«Күзгі сезім» - атты Халық аспаптар ансамблінің концерті қазан айындағы қос мереке – «Музыка күні» мен «Ұстаздар күні» мерекесінің аясында өтпек.

Халық әндері мен күйлері - қазақтың бүкіл тарихының шежіресі, жабырқаса мұңдасы, жадыраса сырласы.

Рухани байлығымыздың насихатталуына үлкен үлес қосып, кейінгі ұрпақты ұлттық музыкамызға баулитын Қаллеки театрының халық аспаптар ансамблі – біз үшін де, киелі өнер үшін де зор мәртебе.

Арнайы кеште сіздер ел жүрегінен орын алған халық музыкасымен сусындап, құлақ құрышыңызды қандыра аласыздар.

Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының  Халық аспаптар ансамблі  Еуропалық фольклорлық фестивальдер қауымдастығының қолдауымен өткен «AsiaFolk 2021» онлайн фестивалінде Гран-при жүлдесіне (толық ансамбль), І дәрежелі Диплом марапатына (домбырашылар ансамблі) және Франция елі ұйымдастырған «NOUVELLES ETOILES» атты халықаралық онлайн байқауына қатысып, «Классика және джаз» номинациясында жүлделі 1 орынға ие болды. Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналған «Көнеден жеткен күмбір» фестивалінде «Ең үздік орындаушы» дипломымен марапатталды.