Jullien Dassin

Концерт «Прокофьевке тарту»

Құрметті көрермендер!

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының «Ashyq» пилоттық жобасына қатысуына байланысты, спектакльдерге алдын ала, ертерек келуді сұраймыз.

 

Театрға келер алдында «Ashyq» қосымшасын алдын ала өзіңіздің ұялы құрылғыңызға орнатуды сұраймыз.

Қолдану бойынша нұсқаулық:

1. Өзіңіздің ұялы құрылғыңызға «Ashyq» қосымшасын жүктеп, орнатыңыз (Iphone үшін App Store, ал Android үшін Google Play).

2. Өзіңіздің телефон нөміріңіз бен ЖСН енгізіңіз.

3. Театрға кірер кезде «КІРУ» тіркеуін таңдап, QR-кодты сканерлеу қажет (КІРУ).

4. Жүйе келушінің мәртебесін анықтайды, оны кірер кезде міндетті түрде Театр қызметкеріне көрсету қажет

​Мәртебелер:

 

Көк және Жасыл – Театрымызға кіруге шектеу жоқ

Сары – Театрымызға кіру шектелген, себебі COVID-19 таралуы бойынша байланысушы тұлға болып табылады

Қызыл – Театрымызға кіруге үзілді-кесілді шектеу қойылған, себебі өзін-өзі оқшаулауда немесе амбулаториялық емдеуде болуы тиіс.

Егер келушіде «қызыл» немесе «сары» мәртебе анықталса, ол Театрға кіргізілмейді және мәртебесі туралы скриншоттың бар болуы кезінде спектакльдің басталуына дейін сатып алған билеттерін тапсырады.

 

Бүгінгі таңда инфекция жұқтырғандардың өзін-өзі оқшаулауын бұзу деректері анықталған кезде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары мен ішкі істер органдарының лауазымды тұлғаларының іс-қимыл алгоритмі әзірленді.

 

Бұл алгоритм Ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 7 желтоқсандағы хаттамасымен бекітілген. Сонымен қатар осындай тұлғалар үшін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген.

 

5. Егер келушінің өз мәртебесін тексеруге мүмкіндігі болмаса, осы үрдісті Театр қызметкері «күзетші» режимінің көмегімен – келушінің келісімімен оның ЖСН ақпараттық жүйеге енгізу арқылы жүзеге асыра алады.

Түсіністік танытады деген сенімдеміз!

 

Үлкен залдағы спектакльдерге жас шектеуі: 10+, Камералық залдағы концерттерге: 7+

65 жастан асқан адамдардың театрға келуіне уақытша тыйым салынғаны туралы еске саламыз.

(Негіздеме: Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С.С.Бейсенованың қолы қойылған «Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралары туралы» 02.02.2021 жылғы № 5 қаулының 1.5-тармағы)

Сонымен қатар үзіліс кезінде әлеуметтік арақашықтық пен маскалы режимді сақтауды сұраймыз.

 

2020 / 2021           Камералық зал              VIII маусым

28 мамыр * жұма * 19.00

 

Концерт

«Прокофьевке тарту»

(Композитордың 130 жылдығына орай)

«Астана Опера» театры оркестрінің әртістері ұлы орыс композиторы Сергей Прокофьевтің мерейтойына орай оның камералық туындыларынан тұратын концертті тарту етпек. Сергей Сергеевич Прокофьев – XX ғасырдағы ең көрнекті композиторлардың бірі. Оның балаларға арналған «Петя мен Қасқыр» симфониялық ертегісі, «Ромео мен Джульетта» балеті, №7 симфониясы әлемде жиі орындалатын шығармалар қатарына енеді.

 

 

ҚАТЫСУШЫЛАР:

Әсел ЖАҚИЯНОВА (скрипка)

Әнел ШӘКІРОВА (скрипка)

Ахмет СҰЛТАНОВ (альт)

Ботагөз ҚАЛИЕВА (виолончель)

Рақымжан БАСПАЕВ (виолончель)

Аида ӘБДІҚАДЫРОВА (флейта)

Станислав УМАРОВ (кларнет)

Елена САХНО (фортепиано)

Анар КАМЕЛЬИНОВА (фортепиано)

 

 

БАҒДАРЛАМА:

С.ПРОКОФЬЕВ

Скрипка мен фортепианоға арналған №2 соната, ре мажор, op.94 bis

1. Moderato

2. Scherzo: Presto

3. Andante

4. Allegro con brio

 

Фортепианоға арналған пьесалар: «Марш», «Наваждение», «Скерцо»

Екі скрипкаға арналған соната, до мажор, op. 56

1.Andante cantabile

2. Allegro

3.Commodo (quasi Allegretto)

4.Allegro con brio

 

Еврей әуендеріне арналған увертюра, c-moll, ор. 34 (секстет)

«Күлбике» балетінен виолончель мен фортепианоға арналған адажио «Үш апельсинге деген махаббат» балетінен марш

«Ромео мен Джульетта» балетінен «Жас Джульетта»

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут