Scorpions в Алматы

Қарыз бен Қаспақ

«Қарыз бен Қаспақ»

Автор: Б.Әлімжанов

Премьера күні: қараша, 2020 жыл

Режиссёр: ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бекболат ҚҰРМАНҒОЖАЕВ

Қоюшы суретші: Ерлан Тұяқов

Балетмейстер: Шырын Мустафина

Костюм суретшісі: Алтынбек Ермұхан

Жанр: комедия

Қосымша:

 

 

Ақша мен материалдық игілік басты құндылыққа айналған қоғамда несие алып, қарызға бату да қалыпты құбылысқа айналғандай. Қаспақ пен  Баспақ және олардың қарсыластары арасында өрбитін шым-шытырық шытырманға толы оқиғаның басты себебі де осы қарыз алу мен сол тығырықтан шығудың қызу қайшылығына құрылған.

Басы дауға қалған Баспақты даудан Қаспақ құтқара ала ма? Әлде досын құн сұраушылардың қанжығасына байлап бере ме? Адам өмірінен ақша құнды болған қоғамда кім жеңеді?..

Осы сауалдарға күлдіре отырып жауап іздейтін қойылым көрерменін де бейжай қалдырмасы анық. Ұтқыр тіркес, қызықты сюжетке құрылған комедия замана келбетін шынайы бейнелейді.       

Кейіпкерлер мен орындаушылар:

Қаспақ- Данияр УРАЗАЕВ

               Әбутәліп ӘМІРЕ

Баспақ-Елдос ШАЙКЕНОВ

               Ербол ТЛЕУКЕНОВ

Оспақ-Айсұлтан ЖАЛИЕВ

              Нұрбек АЛИБЕК

Тостақ-Ғани ҚҰЛЖАНОВ

               Бекжан КЕРІМБАЕВ

Сәукеш-Диана СМАГҰЛОВА

                Мадина МАЙ

Дәмелі-Мадина ЖҰМАБАЕВА

              Шехназа ҚЫЗЫХАНОВА

Құдағи-Айнұр РАХИПОВА

               Наурыз САБАҒАТОВА

Көрші шал- Мұхтархан МАНАП

Кемпір-Аягүл БАЯДИЛОВА