rebranding

Кармен

Құрметті көрермендер!

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының «Ashyq» пилоттық жобасына қатысуына байланысты, спектакльдерге алдын ала, ертерек келуді сұраймыз.

 

Театрға келер алдында «Ashyq» қосымшасын алдын ала өзіңіздің ұялы құрылғыңызға орнатуды сұраймыз.

Қолдану бойынша нұсқаулық:

1. Өзіңіздің ұялы құрылғыңызға «Ashyq» қосымшасын жүктеп, орнатыңыз (Iphone үшін App Store, ал Android үшін Google Play).

2. Өзіңіздің телефон нөміріңіз бен ЖСН енгізіңіз.

3. Театрға кірер кезде «КІРУ» тіркеуін таңдап, QR-кодты сканерлеу қажет (КІРУ).

4. Жүйе келушінің мәртебесін анықтайды, оны кірер кезде міндетті түрде Театр қызметкеріне көрсету қажет

​Мәртебелер:

Көк және Жасыл – Театрымызға кіруге шектеу жоқ

Сары – Театрымызға кіру шектелген, себебі COVID-19 таралуы бойынша байланысушы тұлға болып табылады

Қызыл – Театрымызға кіруге үзілді-кесілді шектеу қойылған, себебі өзін-өзі оқшаулауда немесе амбулаториялық емдеуде болуы тиіс.

Егер келушіде «қызыл» немесе «сары» мәртебе анықталса, ол Театрға кіргізілмейді және мәртебесі туралы скриншоттың бар болуы кезінде спектакльдің басталуына дейін сатып алған билеттерін тапсырады.

 

Бүгінгі таңда инфекция жұқтырғандардың өзін-өзі оқшаулауын бұзу деректері анықталған кезде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары мен ішкі істер органдарының лауазымды тұлғаларының іс-қимыл алгоритмі әзірленді.

 

Бұл алгоритм Ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 7 желтоқсандағы хаттамасымен бекітілген. Сонымен қатар осындай тұлғалар үшін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген.

 

5. Егер келушінің өз мәртебесін тексеруге мүмкіндігі болмаса, осы үрдісті Театр қызметкері «күзетші» режимінің көмегімен – келушінің келісімімен оның ЖСН ақпараттық жүйеге енгізу арқылы жүзеге асыра алады.

Түсіністік танытады деген сенімдеміз!

 

Үлкен залдағы спектакльдерге жас шектеуі: 10+, Камералық залдағы концерттерге: 7+

65 жастан асқан адамдардың театрға келуіне уақытша тыйым салынғаны туралы еске саламыз.

(Негіздеме: Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С.С.Бейсенованың қолы қойылған «Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралары туралы» 02.02.2021 жылғы № 5 қаулының 1.5-тармағы)

Сонымен қатар үзіліс кезінде әлеуметтік арақашықтық пен маскалы режимді сақтауды сұраймыз.

 

2020 / 2021                 Үлкен зал                  VIІІ маусым

29 / 30 мамыр * сенбі / жексенбі * 18:00 / 17:00

 

Жорж Бизе

«Кармен»

4 бөлімді опера

Либреттосын жазған Анри Мельяк және Людовик Галеви

Проспер Мерименің аттас новелласы бойынша

 

 

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:

Қоюшы дирижер – Алан Бөрібаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Дирижер – Руслан Баймурзин

Қоюшы режиссер – Лоренцо Амато

Режиссер – Еренбақ Тойкенов

Қоюшы сценограф – Эцио Фриджерио

Костюмдер бойынша суретші – Франка Скуарчапино

Костюмдер бойынша суретшінің ассистенттері – Хелен Критикос, Арасель Досмұратова

Жарық бойынша суретші – Якопо Пантани

Проекциялар бойынша суретші – Серджио Металли

Хормейстер – Ержан Дәуітов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы балетмейстерлер – Елена Шерстнева / Тұрсынбек Нұрқалиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Жауапты концертмейстер, синхрон редакторы – Елена Сахно

Балалар хорының жетекшісі – Алтынғаным Ахметова

 

 

Француз композиторы Жорж Бизе жазған «Кармен» операсының тағдыры қайғылы қалыптасқан. Оның ерекше көңіл аударатын шынайылығы және басты кейіпкерлер ретінде жеңіл мінезді сыған қызы мен оған деген махаббатынан қашқын атанып, сарбазды өлтірген қанішердің таңдалуы париждік көрерменді дүр сілкіндірді. Туындысының сәтсіздікке ұшырауынан кейін 3 айдан соң жүрек ауруынан қайтыс болған Бизе бұл шығарманың көп кешікпей опера классикасының әйгілі жауһарының бірі боларын біле алмай кетті.

Операдағы оқиға ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Испанияда өрбиді. Оқиғаның қақ ортасында – темекі фабрикасының басқа жұмыскерлерінен ерекше көзге түсетін сұлу сылқым, құштарлыққа толы әрі азатшыл сыған қызы Кармен. Бастапқы шығармадан өзгешелік ретінде Бизе кейіпкерінің мінезін игілендіріп, сезімнің бірбеткейлігі мен іс-қимыл еркіндігіне баса назар аудартқан.

Либретто авторлары опера әрекетіне бейнелі халық сахналарын енгізген. Оңтүстіктің күйдірген күні астындағы қызба қауым, сыған қыздары мен контрабандашылардың мүсіндері, бұқа жарысының көтеріңкі көңіл-күйі Кармен, Хозе, Микаэла мен Эскамильоның операдағы өзіндік мінезін, олардың тағдырының драматизмін ерекшелеуде.

Кармен – еркіндігі әрі махаббатының күші сүйген жаны мен өзі үшін талқандаушы күшке ие болып, пешенесіне жазылғанға көнген әйел.

Бұндай танымалдылықтың себебі не екенін түсіну қиын емес. Опера керемет әуендерге толы! Бірақ «Бизе операсының тарихи мәні оның ауыспайтын көркемдік құндылығы ғана емес, сонымен қатар бұл шығармада алғаш рет опералық театр сахнасында осындай асқан шеберлікпен әдеп құқықтары мен адамгершілікті ту еткен қарапайым жандардың тағдыры бейнеленген...».

 

 

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР:

 

29 МАМЫР

Кармен –  Дина ХАМЗИНА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Дон Хозе –  Мейір БАЙНЕШ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Эскамильо – Талғат МҰСАБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Микаэла –  Айгүл НИЯЗОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Цунига –   Шыңғыс РАСЫЛХАН

Моралес – Талғат ҒАЛЕЕВ

Фраскита –  Айзада ҚАПОНОВА, «Құрмет» орденінің кавалері

Мерседес – Гүлжанат САПАҚОВА

Данкайро –   Ерұлан КӘМЕЛ

Ремендадо –  Рамзат БАЛАКИШИЕВ

 

* * *

 

30 МАМЫР

Кармен –   Татьяна ВИЦИНСКАЯ

Дон Хозе –   Мейір БАЙНЕШ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Эскамильо – Расул ЖАРМАҒАМБЕТОВ

Микаэла –   Жамиля ДЖАРКИМБАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Цунига –  Шыңғыс РАСЫЛХАН

Моралес –  Ержан САИПОВ

Фраскита –  Айзада ҚАПОНОВА, «Құрмет» орденінің кавалері

Мерседес –   Елена ГАНЖА

Данкайро –   Ерұлан КӘМЕЛ

Ремендадо –  Рамзат БАЛАКИШИЕВ

 

Ұзақтығы – 3 сағат (екі үзіліспен)

 

Француз тілінде орындалады

(қазақ және орыс тілдеріндегі синхронды аудармамен)