Scorpions в Алматы

«Еліктірген Франция»

2019 / 2020             Камералық зал                 VІІ маусым

8 ақпан * сенбі * 17:00

«FORTE-TRIO шақырады» топтамасы

Концерт

«Еліктірген Франция»

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының «FORTE-TRIO» мемлекеттік триосы «Астана Опера» театрының Камералық залындағы концерттер сериясын жалғастырады.

FORTE-TRIO ұжымының барлық музыканттары – танымал аспапшылар, халықаралық байқаулардың лауреаттары. Ұжымның көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев.

Ансамбльдің аса бай репертуарына бароккодан джазға дейінгі түрлі стильдер мен бағыттағы туындылар енген. Өздерінің орындаушылық интерпретацияларын жасай отырып, трио классикалық музыка бағалаушыларының жүрегін жаулауда. Қазақ халық музыкасы мен Қазақстан композиторларының туындылары ұжым шығармашылығында ерекше орын алады.

FORTE-TRIO – көптеген халықаралық байқаулардың қатысушысы, ұжым Еуропа мен Азияның айтулы концерт алаңдарында Қазақстанның атын танытып келеді.

 

БАҒДАРЛАМА:

М.Равель. Фортепианолық трио, ля минор

1. Modere

2. Pantoum: Assez vif

3. Passacaille: Tres Large

4. Finale: Anime

 

Э.Шоссон. Фортепианолық трио, соль минор ор.3 (1881)

1. Pas trop lent

2. Vite

3. Assez lent

4. Animе

 

Француз композиторларының вокалдық туындылары

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

«FORTE-TRIO» ҚР мемлекеттік триосының құрамы:

Тимур Урманчеев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (фортепиано)

Динара Базарбаева-Сахаман (скрипка)

Мұрат Нарбеков (виолончель)

 

Бибігүл Жанұзақ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (сопрано)

Азамат Жылтыркөзов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (баритон)

 

Ұзақтығы – 1 сағат 20 минут