«Біржан – Сара»

Мұқан Төлебаев

«Біржан – Сара»

2 бөлімді опера

Либретто авторы – Қажым Жұмалиев

ЖАҢА МУЗЫКАЛЫҚ САХНАЛЫҚ РЕДАКЦИЯ

 

Қоюшы дирижер – Абзал Мұхитдинов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы режиссер – Асхат Маемиров, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Кеңесші режиссер – Михаил Панджавидзе, Татарстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Қоюшы суретшілер – Софья Тасмағамбетова, Павел Драгунов

Бас хормейстер – Ержан Дәуітов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы хореограф – Мукарам Авахри

Проекциялар бойынша дизайнер – Серджио Металли

Жарық бойынша суретші – Якопо Пантани

Қоюшы режиссердің ассистенті – Еренбақ Тойкенов

 

«Астана Опера» өзінің жаңа театралдық маусымын ұлттық өнеріміздің бетке ұстар шығармасына айналған Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсымен ашады.

Қоюшы режиссер Асхат Маемиров, режиссердің кеңесшісі Михаил Панджавидзе және қоюшы дирижер Абзал Мұхитдинов кейіпкерлердің бейнелерін жаңаша құрып, қазақ классикасын басқа қырынан оқуды ұсынады.

Жәрмеңке көрінісімен басталған опера бірден көрерменнің қиялына қанат бітіреді: мұнда дарынды халық зергерлері, шебер қолөнершілер, әккі саудагерлер, ат үстіндегі бүркітшілер және қанат бойымен жүрген епті жігіттер де бар! 3D-технологияны пайдаланудың арқасында табиғат пен тұрмыс көріністері жандана түседі. Көздің жауын алар костюмдер, сондай-ақ итальяндық хас шебер Серджио Металлидің бейнепроекциялары, ең бастысы – тамаша музыка, солистердің керемет дауыстары мен үйлесімді оркестр үні көрерменге естен кетпес әсер қалдырары анық.

 

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР:

Біржан – Бейімбет Таңарықов

Сара – Бибігүл Жанұзақ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Жанбота – Жанат Шыбықбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Аналық – Дина Хамзина, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Алтынай – Мәдина Исламова  , «Құрмет» орденінің кавалері

Жиенқұл – Ержан Саипов

Қожағұл – Шыңғыс Расылхан

Серік – Рамзат Балакишиев

Естай – Жұмабек Қантарбаев

 

Ұзақтығы – 2 сағат 55 минут (бір үзіліспен)

 

Қазақ тілінде орындалады

(орыс және ағылшын тілдеріндегі синхронды аудармамен)