rebranding

Бетховен плюс Бетховен

Өтетін орны: «QAZAQSTAN» ОКЗ үлкен залы

Жанр: классикалық аспаптық музыка

Ұзақтығы: 85 минут

Жас шектеуі: 7+

Қосымша:

 

 

 

 

 

Атақты композитордың үздік туындыларын Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің орындауында тыңдай аласыздар.

Әуеніне әлем тамсанған Людвиг ван Бетховеннің музыкалық мұрасы көрермендерге нағыз рухани демалыс сыйлайды.

Концерттің бағдарламасына Бетховен музыкасының шыңы болып табылатын скрипкаға арналған шығармалар енген. Олардың қатарында:

1) скрипкалық репертуардың басты туындысы – Ре мажор, ор.61 оркестр мен скрипкаға арналған концерт;

2) Бетховеннің сирек орындалатын үлкен лирикалық шығармалардың бірі – Симфония № 4 Си-бемоль мажор,ор. 60.

Симфониялық оркестрмен бірге сахнада Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері  Айман Мусахаджаева өнер көрсетеді. Концерттің дирижері – Ресей Федерациясының халық әртісі Владимир Вербицкий.