Ледовое Шоу Hogwart's Holidays от звезд Цирка дю Солей

2019 / 2020              Үлкен зал                 VІI маусым

 

«Бетховен – Мәңгілік – Махаббат»

Л.Бетховен, И.С.Бах, И.Гайдн, В.А.Моцарт және Д.Хаубрихтың музыкасына қойылған балет

 

 

  • Өтетін орны: «Астана Опера» театрының Үлкен залы
  • Күні мен уақыты: 5 сәуір 2020 ж. /  жексенбі  /  19:00
  • Ұзақтығы: 2 сағат 20 минут (бір үзіліспен)
  • Жас шектеуі: 10+
  • Қосымша: залға үшінші қоңыраудан кейін кіруге, фото және бейне түсірілім жасауға, 10 жастан кіші балалармен спектакльге келуге тыйым салынады.

* * * * *

Биыл әлемдік музыкалық қауымдастық атап өтетін ұлы неміс композиторы Людвиг ван Бетховеннің 250 жылдығына «Бетховен – Мәңгілік – Махаббат» балеті арналмақ. Оның премьерасы «Астана Опера» театрында ақпанның 14-15 күндері орын алған.

Либретто авторы әрі қоюшы хореограф – театр сахнасында жетістікпен өтіп жатқан How long is Now? («Қазіргі сәт қанша уақытқа созылады?») бір бөлімді балетімен көрермендерімізге кеңінен танымал Раймондо Ребек.

Қойылымның музыкалық негізіне Бетховеннің (соның ішінде хордың қатысуымен атақты Тоғызыншы симфониясы), сонымен қатар Бах, Гайдн, Моцарттың туындылары және Дирк Хаубрихтың заманауи композициялары мен аранжировкалары алынды.

 

Қоюшы дирижер – Абзал МұхитдинҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Сценограф әрі жарық дизайны концепциясының авторы – Йоко Сеяма

Жарық бойынша суретшінің ассистенті – Валерио Тибери

Костюмдер бойынша суретші – Роса Ана Чанза

Костюмдер бойынша суретшінің ассистенті – Арасель Досмұратова

Проекциялар бойынша суретші – Серджио Металли

Бас хормейстер – Ержан ДәуітовҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Рояльмен жеке орындаушы – Долорес Үмбетәлиева

Балет труппасының көркемдік жетекшісі – Алтынай АсылмұратоваРесейдің Халық әртісі

 

Балетте ұлы кемеңгердің басынан кешкен қайғы-қасірет пен салтанат суреттеліп, Сырқат, Бейнет, Махаббат пен Шабыт жайлы сыр шертіледі.

 

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ,

СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ ЖӘНЕ ХОРЫ

 

Дирекция өзіне орындаушыларды ауыстыру құқығын қалдырады