Ледовое Шоу Hogwart's Holidays от звезд Цирка дю Солей

Балет. Дәрігер Айболит. (КАТМК)

Таң уақыты. Айболиттің үйі. Үй маңындағы аулада Айболиттің адал досы - Ара тотықұсы отыр. Ол бәрінен ерте тұрады. Дәрігерге емделуші келеді, ол - тісі қатты ауырып жатқан аю екен. Осы арада Авва есімді ит жүгіріп келеді. Олар ойын ойнап, көңіл көтереді, бірақ ойын барысында аю иттің аяғын басып кетеді. 

Сөйтіп Ара оларды дәрігерге шақырады. Кенеттен Чи-чи есімді кішкентай маймыл пайда болады. Оның іші ауырып жатыр екен. Ол ит пен аюға қосылып, олар бәрі бірге дәрігерге қарай барады. Осы кезде олардың жолына дәрігердің қатыгез әпкесі Варвара кедергі келтіреді. Ол жануарларды жақсы көрмейді екен, сондықтан оларды дәрігерге жібергісі келмейді. Ал жануарлар Варвараны алдап, Дәрігерге келу үші бар күштерін салады. Аң баптаушы Капитони Варвараға қонаққа келіпті, Варвара Капитониді аюды ұстап алуға итермелеп, нәтижесінде аю олардың тұзағына түседі. Дәрігер Айболит үйінен шығып, баптаушы аюды ұстап алғанын көреді. Ашуланып, дәрігер Варвараға ұрсады, ал Капитониді қуып жібереді. 

Сонау Африка шаһарынан қарлығаш ұшып келіп, хат жеткізеді. Хатта маймылдардың сырқаттанып қалғаны туралы айтылады. Дәрігер еш кідірмей, жануарларды емдеу үшін бірден Африкаға жол тартады. Оған сенімді достары Ит Авва, Ара тотықұс және маймыл Чи-чи жолсерік болып, бірге кетеді. Үйде тек аю ғана қалады. 

Ауырып қалған байқұс маймылдарға дәрігер мен оның адал достарының келе жатқаны туралы хабар жетеді. Келе салысымен Айболит және оның сенімді серіктері маймылдарды емдей бастайды. Біраз уақыттан соң олар өздерін жақсы сезініп, Айболитпен бірге жағдайларының жақсарғанына қатты қуанады...

Кенеттен зұлым Бармалей бастаған қарақшылар тобы пайда болады. Долы шайқас орын алып, нәтижесінде дәрігер мен оның достары Бармалейдің тұтқынына түседі...