rebranding

«Адамзаттың Абайы»

2019 / 2020                    Камералық зал            VII маусым

5 ақпан * сәрсенбі * 19.00

 

«Абай әлемі» топтамасы

 

Музыкалық-поэтикалық кеш

«Адамзаттың Абайы»

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай

«Астана Опера» сахнасында елордалық тыңдармандардың ыстық ықыласына бөленген Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы Камералық хорының қатысуымен концерттер сериясы жалғасады. Хор ұжымының ауқымды репертуары ұлттық және әлемдік классика шығармаларынан құралған.

Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған кеш бағдарламасына ақын өлеңдеріне поэтикалық және вокалдық-хор композициялары, сондай-ақ А.Жұбанов, Л.Хамиди, Ғ.Жұбанова, С.Мұхамеджанов, Н.Тілендиев, М.Сағатов, С.Бәйтереков, Ә.Әбдінұров туындылары, Б.Демеуов пен А.Жұмашевтың хорға арналған өңдеулері енген.

 

 

Концертке қатысушы солистер:

Талғат МҰСАБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Азамат ЖЫЛТЫРКӨЗОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

халықаралық байқаулардың лауреаттары Асылжан ҚАЙЫПОВ, Нұржан САҒЫНАЙ (домбыра), Жұбаныш ЗЕТОВА, Еркебұлан ӘБДІҚАЛЫҚОВ, Мәншүк КУРМАНГАЗИНА, Жандос БАЙБОСЫНОВ

 

Фортепиано партиясында – Гүлден БАЗЫКЕН

 

Жүргізуші – Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

 

Көркемдік жетекшісі әрі дирижері – Гүлмира ҚҰТТЫБАДАМОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Ұзақтығы – 1 сағат 15 минут

 

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады