Scorpions в Алматы
97 интересовались событиями этого объекта за последний час.

Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры

Продажи на репертуар театра скоро откроются.

Мекен-жайы: Астана қаласы, Қалибек Қуанышбаев көшесі, 8/1.

Байланыс нөмірі: 8 (7172) 27-02-35

e-mail: [email protected]

Аялдама: Қ. Қуанышбаев атындағы театр

Қашықтығы: 350 м

Автотұрақ: Қ. Қуанышбаев көшесі бойынша театрдың басты кіреберісінде және Ж. Нәжімеденов көшесі бойында тегін автотұрақ бар.

Буфет: Театрдың 2-қабатында асхана бар.

Сайт: www.kaztheatre.kz

Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры 1991 жылы 15 қарашада  Ғ.Мүсіреповтің «Ақан Сері - Ақтоқты» трагедиясымен өз шымылдығын ашты. Алғашқы қойылымды театрдың негізін қалаушы дарынды режиссер Жақып Омаров сахналады. 1993 жылы Мәдениет министрінің орынбасары Әшірбек Сығайдың ұсынысымен, Қалибек Қуанышбаевтың 100 жылдығы құрметіне орай театрға есімі берілді.  Театр өзінің алғашқы жүлдесін 1996 жылы Уфа қаласында Түркітілдес мемлекеттер арасында өткен Халықаралық «Туғанлық» театр фестивалінде алды.

Бүгінде ұлттың рухани қажеттілігін өтеп отырған киелі шаңыраққа дарынды өнер қайраткерлері: Жақып Омаров, Қадыр Жетпісбаев, Халық Қаһарманы Әзірбайжан Мамбетовтер жетекшілік еткен.

2011 жылы 14 желтоқсанда театр ұжымына «Мемлекеттік академиялық театр» мәртебесі берілді.

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының репертуары көнеден келе жатқан классикалық өнер туындыларын заманға сай жаңартып, ұлттық және әлемдік драматургиямен толықтырып келеді. Мәселен, М.Әуезовтің «Абай»«Қорғансыздың күні»«Айман-Шолпан», Ш.Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн», «Қызыл орамалды шынарым», С.Тұрғынбекұлының «Мұқағали»«Шәмші», А.Дударевтің «Кеш», Дж.Патриктің «Қымбатты Памела», И.Штраустың «Жұбайлар жұмбағы», Э.Хушвақтовтың «Қызыл алма», Ш.Мұртазаның «Бір кем дүние», А.Вальехоның «Күн сәулесі түспеген», В.Ежовтың «Тыраулап ұшқан тырналар», М.Әуезов пен Қ.Ысқақтың «Қараш-Қараш», О.Жанайдаровтың «Жұт», А.Чеховтің «Шие», У.Шекспирдің «Отелло», Г.Низамидің «Ләйлі-Мәжнүн», Ф.Болоньяның «Байланыс аясы», И.Кальманнің «Кабаре жұлдызы», Р.Кунидің «Туған күн», К.Кизи «7+1», Ұ.Есдәулет «Зере»,  Т.Әсемқұлов «Құнанбай», Р.Мұқанова «Бопай ханым», О.Бөкей «Ұйқым келмейді», М.Сервантес «Дон Кихот», Х.Алтай, Х.Оралтай «Алтайдан ауған ел» спектакльдері Елорданың мәдени өміріне нәр беруде. Елімізде және шет елдерде өткен бірнеше театр фестивалдерінде биік белестерді бағындырған ұжымның алға қойған бағыт-бағдары айқын. Ол – қазақтың театр өнерін өркендету, сөйтіп кешегі мен бүгінгі өмір арасын өнердің биік шыңы арқылы шынайы көрсету.

2020 жылы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен елорданың асқақ сәулетіне сән берер жаңа театр ғимараты бой көтерді. 

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының шығармашылық ұжымында: режиссерлер, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері – Б. Ұзақов, Н. Жұманиязов қызмет етеді. Театр директорының қызметін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А.Жаудыр атқарады. Көркемдік жетекші – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қ.Қыстықбай.

Репертуардағы музыкалық қойылымдар театрдың симфониялық оркестрі және халық аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен өтеді. Сонымен қатар, көрермен назарына театрдың симфониялық оркестрінің «Әлемдік хиттер», «Тыңда», «Симфо-хит» т.б. концерттері және Халық аспаптар ансамблінің «Рухты ел», «Күй – керуен, ән - әлем» сынды концерттері ұсынылады. Симфониялық оркестрдің бас дирижері – «Мәдениет саласының үздігі» Е.Бейсембаев. Халық аспаптар ансамблінің дирижері – «Мәдениет саласының үздігі» М.Мырзақұлова. Оркестрдің құрамында талантты музыканттар, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары бар.

Театр қабырғасынан тұңғыш рет «QALLEKI театр-лабораториясы» құрылды. Лабораторияның мақсаты – шығармашыл жандар үшін байланыс ортасын құру және өнерге өзгеше көзқарас жасап, тың дүниелерді сахналау.

 

Назар аударыңыз:

Үшінші қоңыраудан кейін көрермен залына кіруге тыйым салынады.

Қойылым уақытына кешігіп келген көрерменнің билет орны сақталмайды және сатып алынған билеттің құны қайтарылмайды. 

Көрермен залына сырт киіммен, азық-түлік және түрлі сусындармен кіруге болмайды.

Қойылым басталғанға дейін ұялы телефон және басқа да шуы бар құрылғыларды сөндіріп қою қажет.

Қойылым барысында фото, бейне түсірілімдер жасауға тыйым салынады.

12 жасқа толмаған көрермен кешкі қойылымға кіргізілмейді.

Билет сатып алу барысында қойылымда бекітілген жас ерекшелігін ескеруіңізді сұраймыз.

 

Театр әкімшілігі репертуардағы спектакльдердің күні мен уақытын өзгертуге құқылы.

Фотосуреттер httрs://kaztheatre.kz/kz/ сайтынан алынған