Ледовое Шоу Hogwart's Holidays от звезд Цирка дю Солей

Шоу иллюзии и музыки «Магия степи»

Өтетін орны: Астана қаласы, Республика даңғылы, 34, «Жастар» сарайы

Күні: 23 қыркүйек 2023

Басталуы: 16:00 

Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут 

Тұрақ: 

Жас шектеуі: 5+ 

Қосымша:

 

 

 

Құрметті көрермендер!

Сіздерді «Дала сиқыры» атты қызықты иллюзиондық шоуға шақырамыз!

Қазақстанның ең үздік сиқыршылары сізді керемет трюктармен таң қалдыру үшін өз шеберліктерін біріктірді.

Бұл жай ғана шоу емес, бұл Тұранның көне аңыздарына негізделген нағыз театрландырылған қойылым.

Мамыр айының соңына дейін билеттерді 50% жеңілдікпен алуға асығыңыз!

Бағдарлама:

Бағзы заманда киелі жерімізде тайпалар көшіп қонған. Құрғақшылық пен жұт кезінде, көшпенді халық азап шегіп, Көк Тәңірінен дұға тіледі, сол тілектері қабыл болды. Көптен күткен жаңбыр мен бірге Тәңірберген деген  ерекше бала өмірге келді. Ол сиқырлы күштер иесісі: от пен желді өз еркініне бағындырып, қол тигізбей заттарды орнынан қозғап, тастан су шығарып және тағы басқа қабілеті де болды.

Кәмелет жасқа толғаннан кейін Тәңірберген өзінің тағдырын іздеп, ата-анасын табамын деген үмітпен ұзақ жолға шықты. Бұл саяхаты тарихы, қызықты оқиғаларға, әртүрлі сиқырлы иллюзияларға толы болды. Оның жолында эмоцияға толы кедергілер кездесті. Болып жатқан оқиғалар барысында басты кейіпкер уақыт пен кеңістікте қозғала отырып, жаңа күш қуат пен дағдылар жинайды. Нәтижесінде Тәңірберген отбасымен қайта қауышып, Ұлы Даланың Ұлы сиқыршысы болады!