Scorpions в Алматы

СКРИПКАЛЫҚ МУЗЫКА КОНЦЕРТІ

СКРИПКАЛЫҚ МУЗЫКА КОНЦЕРТІ

Солист – Алексей Лундин (скрипка, Мәскеу)

18 қыркүйекте танымал ресейлік музыкант, «Мәскеу виртуоздары» камералық оркестрінің солисті әрі бірінші скрипкасы, Ресейдің еңбек сіңіген әртісі Алексей Лундин өнер көрсетеді.

Оркестрде еңбек еткен жылдарда А. Лундин әлемнің ең үздік сахналарында өнер көрсетіп, әйгілі заманауи музыканттармен әріптес болған. Ол маэстро В. Спиваковпен бірлесіп И.С. Бах пен А. Вивальдидің екі скрипкаға арналған концерттерін, сондай-ақ Барокко дәуірінің түрлі камералық шығармаларын орындап, жазбаға түсірген.

Музыканттың репертуарында – В. Спиваков, С. Сондецкис, В. Симкин, Ю. Франц, Т. Курентзис жетекшілігіндегі «Мәскеу виртуоздары» оркестрімен бірге орындалған И.С. Бах, В.А. Моцарт, Й. Гайдн, А. Вивальди, А. Шниткенің скрипкаға арналған концерттері бар.

А. Лундин жеке орындаушылық шеберлігін дәлелдеген дарынды скрипкашы ретінде ғана емес, сонымен қатар жан-жақты білімі бар музыкант әрі мінезі жағымды адам ретінде де танылған.

Концерт бағдарламасында қазақ, орыс және батыс еуропалық композиторлардың шығармалары Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиновтың жетекшілігіндегі «Астана Опера» Камералық оркестрінің орындауында шырқалады.

Бағдарлама:

Ф.Шуберт. Ішекті квинтеттен «Адажио», до мажор

А.Бородин. Екінші квартеттен «Ноктюрн»

Қазақтың халық әні «Құсни Қорлан», Д.Шакировтың өңдеуінде

Е.Брусиловский. «Боз айғыр» сюитасы, Д.Шакировтың өңдеуінде

И.С.Бах. Скрипка мен оркестрге арналған Концерт, ля минор

А.Пьяццолла. «Танго тарихы»

 

Солистер:

Алексей Лундин (скрипка)

Бағдат Әбілханов (скрипка)

Айсұлу Байкенова (скрипка)

Лаура Өткелбаева (виолончель)

Дәулет Шәкіров (виолончель)

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут, бір үзіліспен

 

Дирекция өзіне орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады