Google ad services
Тикетон

СӘНГЕ ШЫҚҚАН КЛАССИКА!

«Ұлы мәртебелі Рояль» циклінен концерт

СӘНГЕ ШЫҚҚАН КЛАССИКА!

Солист – Әсел Әбілсейітова (фортепиано, Швейцария)

28 қаңтарда «Астана Опера» театрының Камералық залында қазақстандық пианист Әсел Әбілсейітованың қатысуымен фортепиано концерті өтеді.

Қазір жас дарынды пианинашы солист ретінде және камералық ансамбльдер құрамында қызу концерт жұмыстарын жүргізіп келеді.

Қызының музыкалық дарынын дер кезінде байқаған ата-анасы оны педагог Ирина Босинаның сыныбына алып келген. Ол алғаш рет 11 жасында Қарағанды қаласында өткен жас пианистер байқауында сахнаға шыққан, осыдан кейін Әсел өзінің алғашқы жетістіктеріне қол жеткізген ұлттық және халықаралық байқаулардың концерттер тізбегі жалғаса түсті. Ал, бес жылдан кейін ол бірінші рет «Шалқыма» концерттік залында симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өнер көрсетіп, Ф.Листтің алғашқы фортепианалық концертін ұсынды (дирижер – Петр Грибанов).

Әсел музыкалық білімін Тәттімбет атындағы Қарағанды мемлекеттік өнер колледжінде жалғастырып, оны 2010 жылы үздік көрсеткішпен аяқтады. Содан кейін  Лондондағы Патшалық музыка академиясына оқуға түсіп, «Болашақ» халықаралық президенттік бағдарламасының  стипендиясын алды.

Британдық пианист Иэн Фоунтэйннің жетекшілігімен Әсел Ұлыбритания, Италия, Германия, Швейцария және Франция сахналарында өнер көрсетіп, үлкен концерттік тәжірибе жинақтады. Ол Джон О'Коннор, Паскаль Девойон, Евгений Судьбин, Саймон Кроуфорд-Филлипс сияқты танымал музыканттардан сабақ алып, шеберлік сағаттарынан өткен; Ян Шмольк, Левон Чилингирян, Максим Венгеровпен және т.б. жұмыс жасаған. 2014 жылы Әсел Лондон академиясындағы оқуын бітіріп, үздік жетістіктері үшін Томас Дженингс жүлдесімен марапатталады.

2016 жылы Базель Жоғары музыка мектебінде (Швейцария, Филиппо Гамба сыныбы) өнер магистрі дәрежесін алды. Осы жылдың жазында Базель симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен Лоренцо Виотти жетекшілігімен «Штадтказино» Үлкен залының сахнасында Дж.Гершвиннің «Блюз стиліндегі рапсодия» шығармасымен өнер көрсетеді.

Қазіргі уақытта «ProArt Agency» әртістік агенттігінің солисті болып табылады, Қазақстан және Еуропа сахналарында өнер көрсетеді. 2015 жылдан бастап «Керуен» Қазақстан-Швейцария Ассоциациясының президенті, оның мақсаты – шетелде Қазақстан мәдениетін насихаттау.

Концерттік бағдарламада С.Рахманинов, Л.Яначек және Р.Шуманның шығармалары  орындалады.

БАҒДАРЛАМА

С.Рахманинов. Прелюдиялар шығ. 23

№1 фа-диез минор, Largo

№2 Ми-бемоль мажор, Maestoso

№3 ре минор,Tempo di minuetto

№4 Ре мажор, Andante cantabile

№5 соль минор, Alla Marcia

Л.Яначек. «Тұманда» сюитасы

I. Andante

II. Molto adagio

III. Andantino

IV. Presto

Р.Шуман. Фортепианоға арналған №1 соната, фа-диез минор, шығ. 11

I. Introduzione. Un poco adagio – Allegro vivace

II. Aria

III. Scherzo e Intermezzo. Allegrissimo

IV. Finale. Allegro un poco maestoso - Presto - Più allegro

 

Концерттің ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады