97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

«Неке». М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының гастролі Алматы қаласында

Соңғы екі жүз жылдықта Н.В.Гогольдің пьесалары әлем классикасының үздік туындылары арасында елеулі орын алып келеді. Пьесаны таңдауға еш уақытта өзектігін жоғалтпайтын неке мәселесі түрткі болды. Қазіргі заманның адамы өміріндегі осынау маңызды оқиғаны баяндауды «Неке» комедиясын орындауын қоюшы-режиссер Туфан Имамутдинов өз қолына алды. Гоголь пьесасының заманауи пайымдалуы қойылымның бейнелік шешімдерінде өз болмысын тапты.

Режиссер ақпараттық-технологиялық әлемдегі адам сезімдерінің дамуын зерттеуде өзін еркін сезінеді. Пьесаның классикалық оқиға желісі заманауи кеңсенің екпінінде өрбиді, бұл өз алдынан мәселенің қарқынын күшейтетіні анық. Кеңсе - сезім мен эмоциялар жойылатын, ал сандар мен кестелер арпалысына енген адамдар өздерінің жеке өмірін шетке ысырып қоятын кеңістіктің бейнесі, бұның салдары ретінде адами қарым-қатынастардың ығыстырылуы, тіпті жоюлуы болатыны сөзсіз. 

Спектакльде келесі актерлер өнер көрсетеді: «Құрмет» орденінің иегері Светлана Фортуна, «Ерен еңбегі үшін» Нина Дроботова, Илья Соболев, Дмитрий Маштаков, Александр Корженко, Игорь Седин, Иван Анопченко, Евгений Карачаров, Данил Хомко, Юрий Козулёв, Диас Кожантаев, Саги Саржан