Ханума. Тұсаукесер!
XIX ғасырдың аяғындағы Тбилиси. Бар байлығын құртып тастаған текті рудан шыққан князь жалдагерлерден қашып, өзіне ауқатты әйел іздеуде. Ал байлығы асып тасыған көпес билік қуып, өзінің маралдай сұлу қызын қарт князға бермекші. Шарасыз қыздың жүрегі болса кедей ұстазына шын ғашық... Осы сәтте бүкіл істі Ханума өз қолына алады. Шапшаң, батыл, тапқыр жеңгетай барлығын алдап шықса да, соңында бүкіл кейіпкерлер бақытты болып, тіпті бірден үш той өткізілетін болады!
Рөлдерді сомдаушылар:
Ханума (жеңгетай) - Ангелина Недюжина (Мәдениет саласының үздігі)
Кабато (жеңгетай) - Дарья Магомедова, Ирина Москаленко
Вано Пантиашвили (князь) - Артем Москаленко
Котэ Пантиашвили (Ваноның жиені) - Нариман Костыр, Максим Винс
Тэкле (князьдің қарындасы) - Ольга Павлова (Мәдениет саласының үздігі), Виктория Пятова
Тимотэ (оның қызметшісі) - Дмитрий Ткаченко, Михаил Кузьмин
Микич Котрянц (ауқатты көпес) - Станислав Бахмутов, Дмитрий Тюнин
Сона (Микичтің қызы) - Ольга Калашникова
Акоп (Микичтің меңгерушісі) - Валихан Кинжибаев («Ерен еңбегі үшін»), Владимир Венгер
Ануш (Микичтің анасы) - Любовь Тормышева, Полина Савицкая (Мәдениет саласының үздігі)
Қарт князь - Женисбек Калкабеков («Ерен еңбегі үшін»)
Оркестр: Барабаншы - Дмитрий Тюнин, Станислав Бахмутов
Дудочка - Дмитрий Ткаченко, Михаил Кузьмин
Солист - Елизавета Пятова
Жаппай кейіпкерлер болатын сахналарда - Р.Ибрагимова-Кылосова,С.Костыр, Е.Кляйн, Н.Костыр, М.Винс, В.Венгер, В.Кинжибаев, Т.Кинжибаева