Scorpions в Алматы

Жібек

жібек спектакль, театр жастар

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қ., Ілияс Есенберлин көшесі, 10, «Жастар»​ театры

Автор: Ғ. Мүсірепов

Қоюшы режиссері – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Премьера күні – Сәуір, 2018 жыл

Қоюшы суретші – Ерлан Тұяқов, «Үміт» сыйлығының иегері

Хормейстер – Гүлмира Құттыбадамова

Балетмейстер – Шырын Мұстафина

Жанр: мюзикл

Ұзақтығы: 1 сағат, 15 мин

Қосымша:

 

 

 

 

«Қыз Жібек» – мәңгілік махаббат жыры. Шекті руының айдай сұлу аруы Жібек пен Жағалбайлы руының батыры, сері Төлегеннің арасында тұтанған сезім шоғы кіршіксіз махаббатқа ұласады. Алайда махаббат барда қызғаныштың да қатар жүруі өмір заңдылығы емес пе? Жібек аруға бұрыннан ғашық сол ауылдың Бекежан есімді батыры да сұлудан дәмелі көңілін жасырмай, махаббат үшін ашық айқасқа түседі. Қайшылыққа толы күрестің соңы орны толмас өкінішке ұласады...    

Ғасырды ғасырға жалғаған жауһар жырдың Жастар театры сахнасында жандану мен тіл қату әдісі де, «сөйлеу» қалыбы да өзгеше. Евгений Брусиловскийдің заманауи үнде жаңаша өңделген классикалық музыкасы көрерменін формалық, идеялық һәм көркемдік ерекшелігімен баурайды. Қазақтың байырғы салты – бастаңғы стилінде өрбитін мюзиклде негізінен жастардың сыры мен мұңы, арманы мен мұраты, ең бастысы, кіршіксіз махаббаты алға шығады. Ғажайып музыка тілі арқылы сезім күйін шертер қойылым көрерменін бей-жай қалдырмайды.

Кейіпкерлер:

Жібек – Назерке Серікболова, «Үміт» сыйлығының иегері

Төлеген – Мейірғат Амангелдин, «Үміт» сыйлығының иегері

Бекежан – Бекжан Керімбаев, «Шапағат» медалінің иегері, Данияр Уразаев

Шеге – Нұрлыбек Төлеген, «Еңбек даңқы» медалінің иегері, Жандаулет Батай, «Еңбек даңқы» медалінің иегері

Дүрия – Шехназа Қызыханова, «Үміт» сыйлығының иегері