Репертуар театра в Кызылорде

Жасай бер, Қазақ елі!

жасай бер казак ели

Өтетін орны: Астана қаласы, Тұран даңғылы, 2/6, «Амфитеатр», Есіл өзенінің жағалауында

Күні: 26 тамыз 2023

Басталуы: 20:00

Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут 

Жанр: Эстрада 

Жас шектеуі: 7+

Қосымша:

 

 

 

Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының «КАВЕР ЖАСТАР ӘЛЕМІ»

30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай «Жасай бер, Қазақ елі» атты  мерекелік концертке шақырады.

Концерттік бағдарламаның мақсаты - қазақ эстрадасындағы Өнер шеберлерінің, ән әлеміндегі ізбасарлары - жас әншілермен өзара шығармашылық ынтымақтастықтарын паш ете отырып,   көрермен қауымға бір сахнада мерекелік көңіл-күй сыйлау. Ретро әуендер - тыңдарман жүрегіне сағынышты сезім ұялатып, өткен жылдарға қиялмен самғатса, жаңа заман әуендері жаңаша серпіліс, жаңа көзқарас сыйлары анық.

Жылдар жылжып аққанымен, жүрек түбінде тұнып қалған, ел жадында өшпестей іздері қалған, әр кезеңнің асыл моншақтай әсем әндері Астананың айлы кешінде, ашық аспан астында әуелейді.

Әртістер:

  1. Майра Ильясова 
  2. Естай Мұқашев 
  3. Арайлым Рақым
  4. Ұлықпан Жолдасов 
  5. Светлана Айтбаева 
  6. Алтынай Жорабаева 
  7. Зарина Омарова
  8.  Гүлнұр Оразымбетова
  9. Ақбота Құснадин
  10. Әкімхан Маженов
  11. Алтыншаш Мұқатаева
  12. Фарида Жолдасова
  13. Айдын Жұмабаев
  14. Парасат Отан
  15. Мұратбек Хайролда