Афиша кино Кызылорда

«Здесь хорошо»

Өтетін орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 1/1, Кенесары көшесі, 32, Астана қаласы филармониясының концерт залы

Күні: 20 сәуір 2023

Басталуы: 19:00

Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут 

Жас шектеуі: 7+

Қосымша:

 

 

 

Ұлы орыс кемеңгері, композитор, пианист, дирижер және қоғам қайраткері Сергей Рахманиновтың (1873−1943) 150 жылдық мерейтойы – 2023 жылғы музыка әлеміндегі айтулы оқиғалардың бірі.

Концерт бағдарламасы Рахманиновтің мол мұрасында ерекше орын алатын камералық-вокалдық шығармаларына негізделген. Оларда шебердің шығармашылығына тән ерекшеліктер – лирикалық сезімдер мен көңіл-күйлер әлемінің нәзік көрінісі, эмоционалды ашықтық, шынайылық көрінеді. Рахманиновтің музыкасы уақытқа да, сәнге де бағынбайды - ол әрқашан құнды және түсінікті болып қала береді.

«Здесь хорошо» концерті солистерінің бүгінгі концертті ашатын танымал романс атымен аталған. Шығарма 1902 жылы ақын Галина Галинаның өлеңдеріне жазылған. Бұл камералық-вокалдық жанрдағы ашық ойлы лирикалық шығармалардың үлгісі. Табиғаттың кемелдігіне тәнті болып, сүйсінген лирикалық қаһарман өзінің ішкі дүниесін рухани нұрландырады, байытады. Композитор музыкасымен қайта қауышқан мәтін құдайдың әсем жаратылысының асқақ сұлулығын мадақтайтын шынайы дұғадай естіледі. Романстың музыкалық және мәнерлі құралдары тыңдаушыларға жаздың тыныш күнін өз қиялында қайта жаңғыртуға, лирикалық қаһарманның қуанышын сезінуге көмектеседі. Бұл миниатюраның жоғары көркемдігі көптеген кәсіби орындаушыларды тартады, себебі вокалистер онда өздерінің әншілік шеберлігі мен дауыс қабілеттерін жан-жақты көрсете алады.

Сергей Рахманиновтің шығармашылық мұрасы сексеннен астам романсты қамтиды. Алдағы «Здесь хорошо» концерті музыка сүйер қауымға «Не пой, красавица при мне», «Островок», «Они отвечали», «Сумерки», «Сирень», «Весенние воды» және т.б. жанрдың әйгілі туындыларымен кездесу сыйлайды.

Концертке ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Азамат Жылтыркөзов (баритон) және Бибігүл Жанұзақ (сопрано) қатысады. Фортепиано партиясында - Мәдениет үздігі Роза Шотқалиева.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор, Еуропа жаратылыстану ғылымдары академиясының (Германия) академигі Азамат Жылтыркөзовтің репертуарында опералық ариялар, романстар, шетелдік, орыс, қазақ композиторларының халық әндері бар. Музыкант – көптеген халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпазы. Азамат Жылтыркөзовтің белсенді концерттік және педагогикалық қызметі жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталған. Әйгілі музыканттың концерттері үнемі аншлагпен өтеді: оның ерекше тембрі мен көркем харизмасы көрермендердің ерекше сүйіспеншілігіне ие.

Бибігүл Жанұзақтың таланты мен тамаша вокалдық қабілеті халықаралық беделді байқауларда бағаланды, оның ішінде Федор Шаляпин атындағы халықаралық вокалистер байқауы мен Мария Биешу атындағы халықаралық вокалдық байқауларын атап өтуге болады. Танымал және эмоционалды Бибігүл Жанұзақ отандық үздік орындаушылардың бірі болып саналады.

Классикалық вокал бөлімінің көркемдік жетекшісі − Роза Шотқалиева.