Репертуар театра в Кызылорде

Классикалық балет кеші (КАТМК)

1 бөлімше
И. Чайковский «Аққу көлі» II акт
Хореография: Л. Иванова, М. Петипа

2 бөлімше
Ш. Ф. Гуно «Вальпургия түні»
Хореография: Ғалия Бөрібаева

1 бөлімше

«Аққу көлі» (2 акт)

Кемеңгер орыс композиторы П.И.Чайковский 1840 жылы Воткинск қаласында дүниеге келген. Балет театрының тарихына Чайковский реформатор, композитор-драматург, орыс хореографиялық драмасының негізін қалаушы ретінде кірді. Оның реформасының мәні балет музыкасының сапасын және оның спектакль драматургиясындағы рөлін түбегейлі өзгерту болды. «Балет - симфониямен тең», - дейтін ол. Ол 3 балет жазған: «Аққу көлі» (1876), «Ұйқыдағы ару» (1889), «Щелкунчик» (1891), олардың әрқайсысында Чайковский әдеттегі балет формалары мен жанрларының барлық байлығын саналы түрде пайдаланып, оларды терең психологиялық мазмұнмен және шынайы симфониялық дамумен толтырған.

«Аққу көлі». Ақ аққулар - бұл зұлым сиқыршы Ротбардтың сиқырына ұшыраған арулар. Тек түнде ғана олардың адами келбеттері қалпына келеді. Көл жағасында Зигфрид аққу патшайымы Одеттаны кездестіреді. Оның сұлулығы ханзаданы тәмсандырып, ол аруға деген мәңгілік махаббат туралы ант береді. Тек шынайы және өзгеріссіз сезім ғана қыздарды зұлым сиқыршының сиқырынан құтқарады. Таң атады. Қыздар қайтадан аққуға айналуларына шақ келді. Зигфрид өзінің сезімінің күшіне, Одеттаны сиқыршының билігінен босататынына кәміл сенеді. П.И.Чайковскийдің әр адам үшін ұмытылмас музыкасы ерекше әдемі, белгісіз бір құпиялылық сезімін тудыртады.

2 бөлімше 

«Вальпургия түні»

Ш.Ф. Гуно 1818 жылы Парижде дүниеге келген. Париж консерваториясын бітіргеннен кейін Рим сыйлығын алды. 1851 жылы Гуно өзінің алғашқы операсы - «Сафоны» жазды. Композитордың опера шығармашылығының гүлденуі 50-60 жж түсті. «Фауст» (1859) - «Вальпургия түні» - бұл «Фауст» операсындағы би сюитасы. Ол кейінірек «Grand Opera» (1869) сахнасында опера қойылымына толықтырылып, сол кезде айтарлықтай қайта жасалған опера жалпыға бірдей танылды.

«Вальпургия түні». Ортағасырлық герман халқының аңызы бойынша Вальпургия түнінде Гарц тауларындағы Броккенде жыл сайынғы жын ойнағында мыстандар жиналады екен. Балет сюитасында мыстандарды Вакх пен Пан бастаған нимфалар, дриадалар мен сатирлер алмастырған. Сюита Гуноның әуендік дарыны жарқын ерекшеленген 7 музыкалық нөмірдерден тұрады. Сиқырлы сюжеті мен осының арқасында «Вальпургия түні» жиі түрде өзіндің бірактілі балет ретінде қойылады.