Репертуар театра в Кызылорде

Ұсыныс

«Ұсыныс» - қойылымы бір актілі көңілді комедия. 

Жер иеленуші Степан Степанович Чубуковтың қызы Натальяның қолын сұрап, көрші жер иеленушісі Иван Васильевич Ломов келеді. Ең қызығы сол кезде басталды: оқиғалардың барысы мүлдем басқа бағытқа қарай өрбіп, еркектер арасындағы қарапайым әңгіме мүліктік дауға айналады, ешкім жеңілдік жасап, ымыраға келуді қаламайды. Мұның бәрі немен аяқталады? Бұл сұрақтың жауабын осы қызықты оқиғаны көріп, білетін боласыздар. Бірегей қойылым, эмоциялық тұрғыдан күтпеген іс-әрекеттер, кейіпкерлердің күлкілі бейнелері, өткір әзіл міндетті түрде көңіл-күйлеріңізді көтеріп, ғасырлар бойы ескірмейтін және өзекті классикамен таныстырады.