Туры выходного дня

Марат Бисенгалиев пен Алматы Симфониялық оркестрінің солисттері

Марат Бисенгалиев и солисты Симфонического оркестра АлматыҚайтадан аздап үзілістен кейін Марат Бисенгалиев пен Алматы Симфониялық оркестрінің солситтері Жамбыл ат ҚазМемфилармониясында классикалық музыка бағалаушылары үшін өнер көрсетеді. Жаңа алуан түрлі камералы бағдарламасында Алматының талғампаз жұртшылығы үшін сирек орындалатын Вивальди, Мендельсон, Паганини, Беллинидің туындылары естіледі. Алғаш рет Паганини ішекті құрамның орындауында естіледі. 

Сіздермен, құрметті тыңдармандар, 4 мамырда ҚазМемфилармониясының залында кездесеміз. 

«Алматы Симфониялық Оркестрі» Алматы қаласының әкімшілігінің қолдауымен әлемге әйгілі виртуоз-скрипкашы Марат Бисенгалиевтің бастамасымен құрылған. 

Оркестр құрамында республиканың үздік музыканттары – республикалық және халықаралық жарыстарда лауреат атағын иеленген солисттер. Бүгінде «Алматы Симфониялық Оркестрі» Қазақстанның мәдени елордасының визит карточкасы болып, оны мемлекеттік және халықаралық деңгейде лайықты ұсынуда. 

Көркемдік жетекшісі, басты дирижер және солист Марат Бисенгалиев  - әлемге әйгілі виртуоз-скрипкашы, әлемдік деңгейдегі музыкант, әлемдік мәдениетке қосқан үлесі үшін алтын дисктердің және көптеген үкіметтік марапаттардың иегері, үздік әлемнің концерттік алаңдарда өнер көрсетеді, олардың ішінде: Carnegie Hall, Lincoln Centre (New York) Wigmore Hall, Barbican Centre, Royal Albert Hall, Royal Festival Hall (London) және т.б. Naxos, Marco Polo, EMI, Sony BMG  секілді әлемге әйгілі дыбыс жазу компанияларымен жұмыс істеу нәтижесі болып, әлемдік музыкалық мәдениетінің қазынасына көптеген жазбалар болды.