Репертуар театра в Кызылорде

«FORTE-TRIO шақырады» Концерт «Сөзсіз әндер»

2018 / 2019 Камералық зал VІ маусым

25 сәуір * бейсенбі * 19.00

«FORTE-TRIO шақырады» топтамасы

 

Концерт

«Сөзсіз әндер»

Феликс Мендельсон-Бартольдидің 210 жылдығына

 

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының «FORTE-TRIO» мемлекеттік триосы «Астана Опера» театрының Камералық залындағы концерттер сериясын жалғастырады.

FORTE-TRIO ұжымының барлық музыканттары – танымал аспапшылар, халықаралық байқаулардың лауреаттары. Ұжымның көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев.

Ансамбльдің аса бай репертуарына бароккодан джазға дейінгі түрлі стильдер мен бағыттағы туындылар енген. Өздерінің орындаушылық интерпретацияларын жасай отырып, трио классикалық музыка бағалаушыларының жүрегін жаулауда. Қазақ халық музыкасы және Қазақстан композиторларының туындылары ұжым шығармашылығында ерекше орын алады.

Музыканттар сонымен қатар ансамбль құрамында оркестрмен, әртүрлі солист-аспапшылармен және әншілермен бірге өнер көрсетеді.

FORTE-TRIO – көптеген халықаралық байқаулардың қатысушысы, ұжым Еуропа мен Азияның айтулы концерт алаңдарында бірнеше рет Қазақстан атын танытқан.

Осы кеште сіздер барша әлемдік музыкалық қауымдастық 210 жылдығын атап жатқан ұлы неміс композиторы Феликс Мендельсон-Бартольдидің музыкасын тыңдай аласыздар.

 

БАҒДАРЛАМА:

Феликс Мендельсон-Бартольди. Фортепианоға арналған №1 трио, ре минор, оp.49

I. Molto allegro agitato

II. Andante con moto tranguillo

III. Sherzo

IV. Allegro assai appassionato

 

«Сөзсіз әндер» фортепианоға арналған топтамадан пьесалар

 

Вальтер Рабл. Кларнет, скрипка, виолончель және фортепианоға арналған квартет, ми-бемоль мажор, шығ. 1

I. Allegro moderato

II. Adagio molto

III. Andantino un poco mosso

IV. Allegro con brio

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

«FORTE-TRIO» мемлекеттік триосының құрамы:

Тимур Урманчеев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (фортепиано)

Динара Базарбаева-Сахаман (скрипка)

Мұрат Нарбеков (виолончель)

Алмаз Тоқпанов (кларнет), «Астана Опера» оркестрінің әртісі

Ұзақтығы – 1 сағат 20 минут