Теперь вы можете подписаться на анонсы Жан Ізбасар
Мы можем уведомить Вас о выходе новых событый.

Жан Ізбасар

Жан Ізбасар

Туған күні
16.12.1986 (37), Алматы, Қазақстан
Мамандықтар

Зодиак белгісі
Мерген

Қызметі
Актер


Жан Ізбасар - өзінің ерекше өнерінің арқасында табысқа жеткен комедиялық актер. Жоғары актерлік білімсіз-ақ ол еліміздің ең көрнекті әзілкеш әртістерінің біріне айналды.

Шығармашылық жолы

Бастапқыда Жан ағылшын тілі мұғалімі мамандығына оқыған, тіпті осы мамандық бойынша диплом алған екен. Оқумен қатар ол «Наша Қазаша» шоуында қосымша рольді ойнады, онда оны танымал әзілгер Нұртас Адамбай байқап, «Побег из аула» шоуына шақырды. Телебағдарлама көбінесе Жан Ізбасар бейнелеген кейіпкерлердің арқасында танымал болды. Кейіннен актердің қатысуымен телебағдарламаға негізделген «Побег из аула. Операция Махаббат» және «Келинка Сабина» фильмдері жарыққа шықты.

Жан Ізбасар: отбасылық өмірі

Болашақ әйелімен әлеуметтік желіде танысқан екен, болашақ әйелі оған бірінші болып жазған деседі. Жан кездейсоқ түрде дәл осы қыздың хатын байқап, жауап берген екен. Жан мен Назгүл осылайша танысып, көп ұзамай олардың таныстығы үйлену тойына ұласты. Ерлі-зайыптылардың Арлан есімді ұлы дүниеге келді. Туғаннан кейін балаға сал ауруы диагнозы қойылды, бұл жас отбасына соққы болды және ажырасуға себеп болды. Қазіргі уақытта бұрынғы ерлі-зайыптылар алимент үшін сотқа жүгінуде.

Қызықты фактілер

  1. Нұртас Адамбаев Жанның тәлімгері болып, оны актерлік шеберлікке үйретті.
  2. Көшеде адамдар жиі танып жатады, алайда шын атымен емес, сериалдағы ең танымал рөлдерінің есімімен атайды екен.
  3. 2015 жылы Жанның камераға ұрып-соғылған бейнесі жанкүйерлерді таң қалдырды. Видеоролик жай ғана қойылым болып шығып, жаңа кинофильмнің шығуына орайластырылған екені анықталды.