Репертуар театра им. И. Омарова

Шие бағы

А. Чехов

ШИЕ БАҒЫ
Комедия
төрт көріністе
Спектакль бір антрактпен жүреді
Қоюшы-режиссер
ҚР хал.әрт., ҚР Мемсыйлығының иегері
Рубен Андриасян

Қоюшы-суретші
"Золотая маска" сыйлығының жүлдегері (Ресей),
Беларусия Республикасының Мемсыйлығының жүлдегері
Эрнст Гейдебрехт (Германия)

Костюмдер бойынша суретші
Людмила Кужель

Музыкалық безендіру
Александр Костромыкин

Чеховтың шие бағының сатылуы жайлы қайғылы комедиясының жанрлық табиғаты әрқашан пікірталастар туғызатын. Чеховтың өзі оны «төрт көріністегі комедия» деп атады. Комедия не драма, әлде трагедия немесе фарс па? Сол кезден бері «Шие бағын» сан рет оқып та, қайта оқып та жатты, әр кезде өзіне қажеттіні алып... Чехов кейіпкерлері ескірмейді. Спектакльді бүгінгі күні көре отырып, оның пьесаларының не белгілі бір уақытқа , не болмаса бір әлеуметтік топқа тәуелді емес екендігін аңғаруға болады. Чеховтың шие бағы мен онда өмір сүріп жатқан кейіпкерлеріне басқа көзбен қарап көрелік ендеше. Қарап отырып, тірі қызықты адамдарды – жақсы көріп, қайғырып жүрген, жақын және таныс жандарды көреміз.