Афиша кино в Костанае

Шинель

Шинель

Өтетін орны: Түркістан музыкалық-драма театры, Б. Саттарханов көшесі 4

Авторы: Николай Гоголь

Премьера күні, жылы: 21-22 қаңтар / қаңтар 2023 жыл

Режиссері: Фархад Молдағали

Жанр: Трагикомедия

Ұзақтығы: 1,5 сағат

Жас санаты: 16+

Қосымша:   

 

Басты кейіпкер — Акакий Акакиевич Башмачкин департаменттегі жұмысына аса ұқыпты болатын. Ол құжаттарды қолмен көшіріп жазудан рахаттанатын. Соған қарамастан оның қызметкерлер арасында ешқандай беделі жоқ еді. Башмачкинді жас шенеуліктер келемеждеп, күлкіге айналдыратын еді.

Бір күні Акакий ескі шинелінің тозығы жеткенін байқады. Ол оны тігінші Петровичке апарды. Жамап-жасқап кие тұрармын деген ойы іске аспады. Тігінші жөндеуге келмейтінін айтып, жаңа шинель тіктіруге кеңес берді.

Башмачкин жаңа шинель тіктіру үшін барлық  шығындарынан бас тартып, жаңа сырт киімге қол жеткізді. Департаментке оны киіп келген күні мақтау мен құттықтауға көміліп қалды, тіпті кешке жаңа шинельді болуын қызметкерлермен бірге атап өтті. Түн ортасында үйіне қайтып келе жатқан Акакийдің шинелін біреулер шешіп алады. Ол ескі шинелін қайта киіп департаментке барады. Шенеуліктер оған «маңызды тұлғаға» барып көмек сұрауды ұсынады. «Маңызды тұлға» Башмачкинге айқайлап, өзінің «маңыздылығын» дәлелдеумен болады. Ештеңе түсінбей дал болған Акакий көшеге шығады. Ескі шинелінің қуыс-қуысынан суық жел үрлеп үйіне келе сала төсек тартып жатып қалады. Бірнеше күннен кейін Башмачкин дүние салады. Сонан соң ол «шенеулік бейнесіндегі» елес болып қайта оралып «маңызды адамның» шинелін шешіп алғанша жаны жай таппайды. 

РӨЛДЕРДЕ:

Авторлар - Али Марат, Айдана Аққали,  Шерхан Саматұлы

Акакий Акакиевич   - Айбек Боранбаев

Акакидің шешесі - Аида Серікова

Петрович -  Қадыржан Төреханов

Кемпір (үй иесі) - Мұзафар Ғалымжанұлы

Маңызды тұлға-  Ақ-Сұлтан Әнуарбек

Н. Гоголь -  Мерей Құдайбергенов

Генерал - Данияс Нұрқабден

Генералдың әйелі - Аида Серікова

Ерошкин - Болатбек Оспан

Хатшы - Аида Серікова

Софья Федоровна (Директор) - Айя Дәрібаева

Тәртіп сақшысы - Темірлан Еркінғалиев

Степан Варламович -  Рамазан  Өмірзақ

Әулие әкей - Болатбек Оспан

Ұрылар - Досымжан Арқабеков, Рамазан  Өмірзақ

Күтушілер  - Инабат Абытханқызы, Мөлдір Абдуллаева

Шенеуніктер - Данияс Нұрқабден, Болатбек Оспан, Темірлан Еркінғалиев, Рамазан  Өмірзақ,  Досымжан Арқабеков, Инабат  Абытханқызы, Мөлдір Абдуллаева