Расписание спортивных матчей

Балқан түбегінен Ұлы Далаға дейін

2017 / 2018                 Үлкен зал                  V маусым

15 ақпан * бейсенбі * 19.00

Симфониялық музыка концерті

«Балқан түбегінен Ұлы Далаға дейін»

15 ақпан күні Үлкен зал сахнасында «Балқан түбегінен Ұлы Далаға дейін» концерті өтеді. Кеште Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиновтың жетекшілігіндегі «Астана Опера» симфониялық оркестрімен бірге Сербияның танымал пианисті Майя Райкович өнер көрсетеді.

Серб композиторы Вера Миланковичтың Оркестрмен фортепианоға арналған концерті және Тілес Қажығалиевтың «Дала аңызы» балетінен сюита шырқалады.

 

Майя РАЙКОВИЧ – сербиялық пианист. Нови-Сад қаласындағы Көркемөнер академиясы (К.Богино сыныбы) мен Белград Музыка академиясының магистратурасын (Д.Трбоевич сыныбы) тамамдады. Портогруародағы Scuola di Alto Perfezionamento Musicale мектебінде біліктілігін арттыру курсын аяқтады (Италия). Профессор, PhD докторы (2014). Белградтағы Jeunesses Musicales президенті (1998), жаңа музыканттардың Жерорта теңізі шығармашылық одағының вице-президенті (2001).

Алғаш рет 14 жасында жеке концертімен өнер көрсеткен. Ұлттық байқаулардың, сонымен қатар Carlo Soliva халықаралық байқауының (Италия, 1984), Рахманинов атындағы Халықаралық байқаудың (1993) лауреаты. ХХIV Халықаралық Jeunesses Musicales байқауының ІІІ сыйлығы мен көрермендер көзайымы жүлдесінің иегері (1994). 2013 жылы концерт сахнасындағы айрықша жетістігі үшін Белград Өнер университетінің күміс медалі мен Musica classica басылымынан «Жыл орындаушысы» жүлдесін алды.

Белград филармониясының оркестрі, Радио және Теледидар симфониялық оркестрі, «Струны Святого Георгия», «Белградские струны», Camerata Serbica ансамбльдерімен бірге жазба жасап, өнер көрсетті. Херцег-Новиде өткен «Музыка күндері», BEMUS Белград музыкалық фестивалі; Сплит пен Подгорицадағы жазғы фестивальдер, «Фортепиано құдіреті», «ЕРТА», Эмиль Гаек атындағы фестиваль, Internazionale di Musica da Camera (Портогруаро, Италия) және т.б. фестивальдердің қатысушысы. Белсенді түрде концерт беріп жүрген музыкант, камералық музыка орындаушысы.

 

Вера МИЛАНКОВИЧ – сербиялық композитор, пианист, педагог, Белград Өнер университетінің музыкалық факультет профессоры.

Орындаушылық өнер педагогикалық форумының негізін қалаушы, Композиторлар қауымдастығының, Сербия музыка ұстаздары қауымдастығының, Вук қоры директорлар кеңесінің, Белград мәдени-білім беру қоғамы мен Земун қаласындағы Rotary клубының мүшесі.

Концерттік қызметпен белсенді айналысып, фестивальдерге қатысады; оның туындылары тікелей эфирде, жазбаларда шырқалып, ноталық жинақтарда жарияланады.

 

 

Концерттің ұзақтығы 1 сағат 20 минут

 

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады