Jullien Dassin

Адам бойындағы ең керекті және маңызды адамгершілік сезімін - махаббатты - ояту туралы оқиға. Тұрақтанған шаруа иелігі, ондағы басшылық ететін, дәлірек айтқанда, тұрмыста қысым көрсететін өз ісіне ұқыпты өте қатал адам тұр. Өз жолынан тайған, ішімдіктің күшінен қабырғасы қайысқан көрші де бар. Бқл екі адамның Даша және Алексей деген балалары бар екен, олардың арасындағы махаббаттың нәтижесінде кішкентай өмір өз бастауын алады екен. Сондай-ақ, Ат, Сиыр, Әтеш, Шошқа өсірілетін мал қорасы, ал олармен бірге шаруа иті де бар екен. Адам мен жануар арасындағы байланыстың түбірінен біздің пьесамыздың негізгі ойы бой көтереді.